Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ — ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА ШЫҢ!

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ — ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА ШЫҢ!

Қазіргі таңда, әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болуды мақсат етіп қойдық. Өйткені әлем күн сайын жаңаруда, күнде тосыннан келетін жаңалықтарға, тосыннан болатын оқиғаларға бейімделу де асқан сабырлықты талап етеді. Еліміздегі мегаполистердің карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық. Ал, ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Бұл – заман талабы.

Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың! Осы сәтте, Үшінші Мегаполис мектептірінің ең кішкентай 1-4 сыныптардағы атап айтатын болсақ, №49 жалпы білім беретін мектептің Daryn Online » платформасын пайдаланып, тапсырмаларды дұрыс орындаған үздік оқушы Аскербек Мөлдір 10 000 балл жинақтап нәтиже көрсетсе, 8-9 сынып оқушылары бұдан төрт есеге көп балл жинақтап білім алып отырған мектеп мерейін көтеріп отыр. 

Сонымен қатар, аталған білім ордасының орыс тілі пәні мұғалімі «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының өткізген ұстаздар арасындағы олимпиадаға қатысып, орыс тілі пәнінің мұғалімі Усманова Бақтыгул Халықаралық олимпиададан І дәрежелі дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, аталмыш білім мекемесінің ұстаздар қауымы да қашықтықтан ұйымдастырылған түрлі Республикалық онлайн олимпиадаларға, атап айтқанда,»Daryn.online»білім беру платформасы, «Кемеңгер ұстаз», «Nio», «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысып, І, ІІ,ІІІ жүлделі орындарға иеленіп, арнайы Алғыс хатпен, Дипломдармен, Сертификаттармен марапатталды.

Жемісті жеңістеріңіз мол болсын!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу