Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1807 ЖҰП ОТБАСЫН ҚҰРҒАН

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1807 ЖҰП ОТБАСЫН ҚҰРҒАН

Шымкент — жастар қаласы, махаббаттың қаласы. Бүгінде шырайлы шаһарда қаншама жұп жарасып, шаңырақ көтеріп, шағын отбасылық мемлекеттерін құруда. Шымкент қаласында жыл санап отбасын құрған жұптар саны артып келеді. Мәселен, өткен жылы мегаполисте 8214 жұп заңды некеге тұрса, 2018 жылы 6825 жұп шаңырақ көтерген. Ал осы жылдың төрт айында 1807 жұп отбасын құрған.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінің мамандары отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізіп, тоқсан сайын жастарға және некеге отыратын азаматтарға арналған дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізеді.

Айта кетейік, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ер және әйел адамдар 18 жастан бастап некеге тұра алады. Сонымен қатар, белгілі себептерге байланысты ғана жергілікті АХАТ органдары неке жасын 2 жасқа төмендете алады екен.

© Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу