Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРІК ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН САПАЛЫ ҰН ӨНДІРУДЕ

ТҮРІК ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН САПАЛЫ ҰН ӨНДІРУДЕ

Ордабасы ауданының әкімі алдымен ауданына қарасты Бөржар елді мекенінде орналасқан «Green town south» ЖШС, «Александровский сад» ЖШС-нің жұмысымен толықтай танысты.
«Green town south» ЖШС-қарқынды технологияны қолдану әдісімен бау егу арқылы жылына — 1000 тн «Голден Делишес», «Роял Гала» алма өнімдерін өндіре отырып, 18 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Александровский сад» ЖШС — 17 гектар жерге жаңа технологиямен тамшылатып суару әдісі және күн өткізбейтін сетка арқылы бау (алма) егу арқылы — жылына 6000 тонна «Голден Делишес», «Гренни Симит», «Гала» алма өндіреді. Бүгінгі таңда шаруашылықта 30 адам жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, аудан әкімі қызмет сапарында Бадам елді мекенінде орналасқан «Ордабасы нан» ЖШС және «Ордабасы құс» ЖШС — нің де жұмыстарымен танысты.
«Ордабасы нан» ЖШС-гі заманауи үлгідегі Түрік технологияларын пайдаланылып сапалы ұн өнімі өндіруде.
2015 жылы «Ордабасы нан» ЖШС-гі қуаттылығы тәулігіне 200 тонна өндіретін дирімен құрылысын ұлғайтып, Түрік технологиясымен тәулігіне 250 тонна өнім өндіретін диірмен құрылысын жүргізуде. Қазіргі таңда кәсіпорында 42 адам жұмыспен қамтылған.
«Ордабасы құс» ЖШС-гі «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Жоба бойынша кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы 8110 тоннаға жеткен. Ал бүгінгі күнге өндіріліп жатқан өнім көлемі 10 000 тоннаға жуық. Кәсіпорында қазіргі таңда нақты 420 адам жұмыс істейді.
Аудан әкімі Н.Тұрашбеков кәсіпорын директорларының алдағы уақыттағы жоспарларын тыңдап ары қарай дамытуға бір қатар тапсырмалар берді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу