Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бәйдібек ауданындағы жауын-шашын салдарынан орын алған жағдайлар қалпына келтіріліп, алдын алу жұимыстары жүргізілді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жедел штаб отырысын өткізіп, тиісті бөлімдер мен өзінің үш орынбасарын және аппарат басшысын төрт ауылға бекітіп, жауын шашын салдарынан орын алған жағдайды қалпына келтіру жөнінде тапсырма берген болатын.

Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні жауапты болып бекітілген аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, тиісті бөлімдер мен мекеме қызметкерлері жұмысқа кірісіп кетті. Бұзылған каналдардағы арналарға қапталған құм төселіп, бөгет жасалып, қалпына келтірілді. Елді мекендердегі каналдарға сай-салалардан сумен ағып келген ағаш бұталары мен шөптер және тұрмыстық қалдықтар тазаланды. Қосымша қашыртқылар мен арық-атыздар қазылды.

Қалпына келтіру жұмыстарына аудандағы бірқатар бөлім, мекеме қызметкерлерімен қатар белсенді ауыл, округ тұрғындары да атсалысып, толығымен жойылды.
Қазіргі таңда қауіп сейілгендіктен тұрғындардың барлығы өз үйлерінде тіршілігін жасауда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу