Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті (страница 30)

Көкейтесті

60 МЫҢ ТОННА МАҚТА ШИКІЗАТЫН ДАЙЫНДАЙДЫ

ОҚО әкімі Ж.Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болып, Елбасы міндеттеген тапсырмалардың ауданда жүзеге асырылуын бақылады. Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламалар аясында ісін өрге дөңгелеткен бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті. Сапары барысында аймақ басшысы Асықата кентіндегі «Ақ алтын» мақта зауытының мақта шикізатын дайындайтын технологиялық процесімен және дайын өнім түрлерімен танысты. Құрылғанына жарты ғасыр толған Оңтүстіктегі іргелі кәсіпорынның ұжымы биыл 50 жылдығын атап ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 05

Ж.Түймебаевқа Мақтарал ауданының индустриялды аймағында іске асып жатқан жобалар туралы аудан әкімі Ғ.Исмаилов таныстырып өтті. Атап айтқанда, 2015 жылы іске қосылған «Береке» мақта зауыты, келер жылы іске қосылатын салы өңдеу зауыты, асфальт бетон зауыты, гигеналық заттар өндірісі, полиэтилен өндіріс зауыттары мыңдаған мақтаралдықтарды жұмыспен қамтымақ. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылған тігін цехтары, мал бордақылау алаңдары, күн сәулесінен электр қуатын өндіретін «KADI» ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 04

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Мақтарал ауданына келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай атсалысып, үлес қосып жүрген бірқатар өндіріс ошақтарын көріп, аудан кәсіпкерлері жасап жатқан ірі жобалармен танысты. Өңір басшысының соңғы танысқан жобасы – Атакент кентіндегі «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зертету институты. Мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулерді дамыту арқылы отандық бәсекеге қабілетті мақтаның жаңа сорттарын шығару, мақта өндірудің тиімділігін, инновациялық технологияларды ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 03

ОҚО әкімі аялдаған келесі нысан – Қазыбек би ауылдық округіне қарасты «Ә.Оспанов» елді мекеніндегі тік дренаж. 57,6 метр тереңдікте орналасқан нысан 2013 жылы іске қосылған. Тоқтап тұрғандағы су өлшемі 1 метр болса, жұмыс істеп тұрғандағы су өлшемі 12 метрді құрайды. Аманкелді подстанциясынан энергия алатын тік дренаж «ЭЦВ-12-210-15» атты насосбен жұмыс істейді. Жалпы, ауданда 731 тік дренаж болса, оның 300-і республикалық ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 02

Мақтарал ауданына барған іс-сапары барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Асықата кентіндегі «Ақ алтын береке» сүт өнімдерінің цехында болып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. 2008 жылы құрылған кәсіпорын жылына 400 тонна өнім өндіреді. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран т.б. өнімдер облыс аумағына таралып, оңтүстік тұрғындарын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуде. Амангелді Сүттібаевтың басшылығындағы кәсіпорында 20 адам жұмыспен қамтылған. Аймақ басшысы Ш.Ділдәбеков ауылдық ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 01

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Мақтарал ауданына келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай атсалысып, үлес қосып жүрген бірқатар өндіріс ошақтарын көріп, аудан кәсіпкерлері жасап жатқан ірі жобалармен танысты. Ең алдымен, облыс басшысы Асықата кентіндегі «Ақ алтын» мақта зауытына аялдады. Құрылғанына жарты ғасыр толған Оңтүстіктегі іргелі кәсіпорынның ұжымы биыл 50 жылдығын атап өтуде. Жылына 60 000 тонна мақта шикізатын дайындап, ...

Толығырақ »

АТАМБАЕВ КӨРГЕНСІЗДІК ТАНЫТТЫ

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді Иә, Қырғыстан басшысы ең көргенсіз әрекеттерге бара бастады. Бұндай әрекет жасау – ел тұтқасын ұстап отырған азамат түгілі, қарапайым адамның өзіне дұрыс емес. Ұйып отырған екі елді бір-біріне алакөз ету кімге керек болды екен?! Сайлауда өз кандидатының жеңіліп қалуы мүмкін екенін сезген Атамбаев көргенсіздігін танытып, осындай әрекеттерге бара ...

Толығырақ »

ТҮБІ БІР ТУЫСПЫЗ!

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді Қазақ пен қырғыз халықтары әуелден туысқан, бауырлас халықтар. Ал, бауырлардың арасына жік салу – жақсы әрекеттердің қатарынан емес. Бұндайлардың сөзіне құлақ аспау керек. Екі елдің бір-біріне деген пейілі ақ. Өкінішке қарай, Алмазбек Атамбаев өзінің президенттік дәрежесіне жараспайтын, ағат мәлімдеме жасады. Президенттік институттың халықаралық қатынастар саласындағы басты функциясы ...

Толығырақ »

«КИІЗ САТСАҢ – КӨРШІҢЕ САТ…»

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді Қырғыз елі – Жаратқанның өзі о баста көрші етіп қойған, Қазақстан үшін аса маңызды мемлекеттердің бірі. Қазақта «Киіз сатсаң – көршіңе сат, бір шетінде өзің отырасың» деген мақал бар. Сол себепті көрші елдің ұтылып, ыдырауынан, бүлінуінен бізге ешқандай пайда болмасы анық. Егер Қырғызстанда Ауғанстандағыдай ахуал қалыптасса, оның ...

Толығырақ »

«ЫСТЫҚТАУДЫҢ» РЕТІ ЖОҚ

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың елдегі президенттік сайлауда қазақ-қырғыз елдерінің тату көршілігіне сызат түсіріп, ағайындық қатынастарға зардабын тигізетін мәлімдеме жасауы – ел басшысы үшін өрескел әрекет болды, әрине. Дегенмен, дәурені өткен Атамбаевтың сөзі үшін «ыстықтаудың» еш реті жоқ. «Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың спекуляциялық үндеулеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының үкіметі ...

Толығырақ »

КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ КАРТАСЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облыстық Жобалық кеңседе БАҚ және блогерлердің қатысуымен кеңсе тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттауға байланысты ашық есік күні өткізілді. Мақсаты – жобалық офистің бір күнгі жұмысымен танысу, пікір алмасу, тың идеялар жөнінде ой бөлісу және облыс көлемінде атқарылған іс-шараларды БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жариялаудың жолдарын қарастыру. Бүгінде өңірімізден республикаға 109 жоба мен іс-шаралар ...

Толығырақ »

ҚАМКӨҢІЛ ЖАНДАР ҚУАНҒАН КҮН

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен бір топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар Шардарадан Арыстанбаб пен Түркістанға зиярат етуге аттанып кетті. «Тұңғыш Президент саябағынан» оларды шығарып салып тұрып: – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғанын баршаңыз жақсы білесіздер. Бұл бағдарламада мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын атап көрсеткен еді. Яғни, біздер рухани ...

Толығырақ »

ЖАСТАР СЕЙІЛ ҚҰРДЫ

Шымкент қаласы «Абай» саябағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «АБАЙ ІЛІМІНЕ САЯХАТ» атты жастар сейілі өтті. Іс-шара барысында облыс жастары ақынның қара сөздерін жатқа айтып, нақыл сөздерді Елбасы мақаласымен ұштастырды. Мақсат – Хакім Абайдың әлеміне тереңдеп барудың қажеттігі, ойшылдық мұрасын халық игілігіне пайдалану, жас буынның бойына мейірімділік, бауырмалдық қасиеттерді егу, Абайдың нақыл сөздері арқылы жастардың ...

Толығырақ »

СТИПЕНДИЯСЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

«Елім» дегенде ет жүрегі езіле қалатын азаматтарымыз баршылық. Олай деуімізге толықтай негіз бар. Елімізге танымал суретші Ерболат Төлепбай Төлеби ауданындағы орта мектептің оқуда озат, белсенді 20 оқушысына степендияны сыйға тартты. Суретші өзі білім нәрімен сусындаған білім ордасынан озық ойлы, бәсекеге қабілетті азаматтың тәрбиеленіп шығуын шынайы тілейді. Сондықтан да, осындай игі істі қолға алып отыр. Сонымен қатар, жомарт жан Тоқболат Тоғысбаев ...

Толығырақ »

АЛЫСТАН КӨЗ ТАРТҚАН – ОТЫРАР

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарихи – мәдени ескерткіштер мен нысандар қатарында Отырар қалашығындағы жаңғырту жұмыстары жүргізілген болатын. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы аясында әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап зерттеген. Осы күнде тек қазақ ғалымдарының ғана емес шетелдік ғалымдардың да еңбектерінде Отырарға қатысты біраз мәліметтер баршылық деуге болады. Қарт Отырардың өткені ...

Толығырақ »

ЖАҚСЫ ДӘСТҮР – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

Облысымыздың аудан, қалаларында отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасын іске асыру мақсатында Арыс қалалық мәдениет үйінде «Жақсы дәстүр – отбасының тірегі» атты кездесу өтті. Іс-шараға «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Маманова және психолог-маманы А.Әділқасымқызы, жергілікті көпбалалы аналар, жас отбасылар, ардагерлер, мәдениет және кітапхана қызметкерлері, мектеп оқушылары, жастар және БАҚ өкілдері ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Қарттар мерекесі және мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай Созақ аудан аумағында жер асты қазба байлығын өндіріп, өңдеумен айналысып отырған кәсіпорындардың бірі – «АППАҚ» БК жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы Құмкент ауыл әкімдігі тұрғындарына қомақты қамқорлық танытты. Жасырын емес биыл қыс маусымы қаһарлы болады деген болжам бар. Сондай-ақ, сұйық, қатты отынның бағасы да өршіп тұр. Осыны ескерген болар «АППАҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ ҮЛГІСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ОҚО ғалымдары латын әліпбиіне көшу әдістемесін жасауға қатысады. Жаһандық білім беру жүйесінде латын алфавитінің алар орыны басым екенін ескерген Оңтүстік ғалымдары латын қаріпін кеңінен талқылауға кірісті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында Оңтүстіктің ғалым, профессор ұстаздары және қоғам белсенділері бас қосты. Басты тақырып кеше ғана Ақордада ұсынылған жаңа латын әліпбидің үлгісі. Осы орайда, өңір ғалымдары тарапынан жалпыхалықтық талдаудан өткен әліпбидің ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТЕ ӨТКЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде облыстық Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті. Отырыста Жергілікті полиция қызметінің есебі, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жайы мен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік бағдарлама жобалары және көші-қон процестерін реттеу Қағидалары сынды 13 мәселе қаралды. Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы және облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН БАСҚОСУ

Облысымызда  ұрпақтан-ұрпаққа отбасылық құндылықтарды жеткізіп, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері жетерлік. Мысалы үшін, Арыс қаласында еңбек өтілі 475 жыл болатын теміржолшы Жаңабаевтар династиясы тұрады. Теміржол саласында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып еңбек етіп келе жатқан бұл әулетте 17 теміржолшы бар. Мұнан бөлек, Ордабасыда еңбек өтілі 600 жылды құрайтын ұстаздар династиясы тұрады. Ысқақовтар әулетінің  20 мүшесі мұғалімдікті меңгерген. Сонымен ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК ДИНАСТИЯЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Еңбек күніне» арналған жұмыскерлер мен еңбек династияларының облыстық форумы өтті. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша еңбек қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, осы салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады. «Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мен «Мәңгілік ел» идеясы, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» еңбегі қоғамда үлкен серпіліс туғызып, ел дамуының ...

Толығырақ »

«PHOENIX GLOBAL» КОМПАНИЯСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Phoenix Global» компаниясының ТМД және Орта Азия елдері бойынша аймақтық директоры Ашил Каул бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашалығы саласын дамыту бағытында әңгіме өрбітті. Кездесуде сөз алған Ашил Каул мырза өңір басшысына компанияның ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы атқарып отырған жұмыстарын баяндап берді. «Біздің компания алдағы уақытта жеміс-жидек және көкөніс кластерін дамытуға ерекше ...

Толығырақ »

АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ!

Үстіміздегі жылдың 6 қазанында Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында Жер орбитасына ғарыштық аппараттарды жеткізетін «Союз-2» зымыран-тасығышы ұшырылған жағдайда оның аталған ауданның тиісті аумағына зиянды-зиянсыздығы кеңінен талқыланған қоғамдық тыңдау өткен болатын. Қоғамда айтарлықтай пікірталас туғызған мәселеге байланысты оның анық-қанығына көз жеткізу мақсатында біз Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік. – Әңгімемізді қоғамдық тың­дау­да нақты қандай мәселелер талқы­лан­ға­нынан ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ – 03

ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына қатысты пікірлерін білдіруде. Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Хадиша ҚЫЛЫШБАЕВА: – Күні кеше Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ – 02

ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына қатысты пікірлерін білдіруде. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, «Дарын» мектеп-интернатының директоры Фарида ПІРӘЛИЕВА бұл орайда өз ойымен бөлісуді жөн көрді: – Ақордада ұсынылған жаңа әліпбидің жобасын бүгін мектебіміздің қабырғасында ұстаздар қауымына таныстырдым. Әріптестерім жаңадан ұсынылған әліпбидің ыңғайлығы мен алдыңғы үлгімен салыстарғанда жетілдетілгенін айтып өтті. Оның ішінде, қазақ тілін оқытқан уақытта ...

Толығырақ »