Ұстаздар латын әліпбиіне көшу жайын талқылады. Бүгінгі таңда жұртшылықтың көкейіндегі маңызды бір мәселе ол – латын алфавитіне көшу. Жалпы латын әліпбиіне көшкен кезде қандай қиыншылықтарға кездесеміз? Ол қиыншылықтарды жеңу жолдары қандай? Облысымыздың ұстаздары осы мәселеге қатысты арнайы семинар өткізді.
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін бәріміз терең түсіндік. Ендігі мәселе «қалай көшеміз?» – деген сауал төңірегінде болмақ. Бұл ретте ұстаздарға жүктелер жүктің салмағы басым.
Осы ретте Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының бас маманы Марина Жаңабаева былай дейді:
«Барлық білім ордаларында апта сайын осындай дөңгелек үстелдер істеп, семинарлар мен дебаттар өткізіліп жатыр. Оның ішінде қазақ тілі пәнінің мұғалімдері арасынджа өткізіп жатырмыз.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен ғалымдар халыққа ыңғайлы әліпби көпшілік дауыспен қолдау табатынын айтады. Бүгінге дейін жарияланған нұсқалар жұртшылықтың талқылауынан өтіп, тиімді жолмен шешілетін анық».