Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін бәріміз терең түсіндік. Ендігі мәселе «қалай көшеміз?» – деген сауал төңірегінде болмақ. Бұл ретте ұстаздарға жүктелер жүктің салмағы басым екені даусыз.

Қозғалған мәселе төңірегінде ой бөліскен филология ғылымдарының кандидаты Ақжол Қалшабек былай дейді:

Көпшілік бүкіл халық болып қолдаған мәселе принцип: 1 дыбыс 1 әріп деген мәселе орын алған сияқты. Ол өте дұрыс деп ойлаймыз. Алдыңғы бір ұсыныс ол онша көңілден шыға қоймады. Ол жерде диграф деген мәселе бар. Сол көп қолданып кеткен сияқты.

Семинарға жиналған тіл мамандары ең бастысы қазақ тіліне тән 9 төл дыбысымыз анық, нақты бейнелену керектігін жеткізді. Себебі, шұрайлы тіліміздің мәйегі осы дыбыстарды дұрыс бейнелеуде. Ал, тиімді әліпби қабылданған сәттен бастап, оны күнделікті қолдану  бойынша қарқынды жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі алқалы жиынға келген ұстаздар қауымы жаңа бастаманы жүзеге асыруға дайынбыз деген қорытынды шығарды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу