Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » 510 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ

510 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ

ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баспасөз конференциясын өткізді. Онда спикер Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 3-ші бағытында көрсетілген индустрияландыру бойынша және даму үдерісі сақталған маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады.

Басқарма басшысының мәліметінше, осы жылдың сегіз айында облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 510,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібімен 353 млрд. тг. өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, ол өңірде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы сәтті жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны 1,2 трлн. теңгеге 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 135 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның аясында 47,7 млрд. тг. құрайтын 49 жоба іске асырылды. Онда 1900-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 2017 жылы 37 млрд. теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделген. Есепті кезеңде құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды», – деді басқарма басшысы.

Жалпы жылдың соңына дейін 34,7 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда іске қосылған жобалардың 94%-ы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 71 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 пайызға жеткен.

Бұдан бөлек, Батырхан Құрмансейіт «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция соммасы 34,3 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылғанын атап өтті. Яғни бұл кәсіпорындармен 22,7 млрд. теңгеге өнім өндірілсе, өндірілген тауарлар Германия, Англия, Корея, Түркия, Ресей сынды 15-тен астам елдерге экспортталған. Аталаған аймақта осы жылдың соңында жалпы инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңге құрайтын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде.

Өз тілшімізден

Пікір жазу