Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОБЛЫС ӘКІМІ МАҚТАРАЛҒА БАРДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ МАҚТАРАЛҒА БАРДЫ

 

Жұмысшылардың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын жақсарту, өмiр сүрулерiне барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында 50 жыл ішінде 100-ге тарта тұрғын үй, бiрнеше екi қабатты коттедждер салынған. Сонымен қатар, кәсіпорынның демеушілігімен 140 орынды балабақша бой көтердi. Қазiргi кезде Асықата кентіндегі «Зауыт» мөлтек ауданында 220-дан астам отбасы тұрады. Газ, ауыз су, жол мәселесi толық шешiлген.

Мұнан кейін әкім Асықата кентіндегі «Ақ алтын береке» сүт өнімдерінің цехын аралап көріп, жұмысшылардың ахуалымен танысты. 2008 жылы құрылған кәсіпорын жылына 400 тонна өнім өндіреді. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран т.б. өнімдер облыс аумағына таралып, оңтүстік тұрғындарын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етеді. Амангелді Сүттібаевтың басшылығындағы кәсіпорында 20 адам жұмыспен қамтылған.

Мұнан соң облыс әкімі Мақтарал ауылдық округіндегі «Жарқын» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 1997 жылы құрылған шаруа қожалықта  92,2 гектар жер бар.  2017 жылы 72,2 гектарға күріш, 15 гектарға мақта дақылын еккен.

Сондай-ақ, Ж.Түймебаев дәл осы ауылдық округтегі «Бағдат» шаруа қожалығындағы мақта жинау науқанына куә болды. Жер көлемі 287,5 гектарды құрайтын қожалық биыл 187,5 гектарға мақта дақылын еккен. 36 адамды жұмыспен қамтып отырған қожалықтың иелігінде 30-ға жуық техника бар.

Жалпы биыл Мақтарал ауданында 94 мың гектарға мақта дақылы егілген. Оның  бүгінде 63 мыңнан астам гектарындағы жиым-терім жұмыстары аяқталуға жақын.  Шаруалар гектарына орташа есеппен 20 центнерден өнім алып отыр.

Өз тілшімізден

Пікір жазу