Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 02

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 02

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді.

1972 жылы Шымкент драма театрына Жұмат Шаниннің есімі беріліп, 1992 жылы осында 100 жылдығы тойланғанын еске салды. Қазір 125 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде дүние жүзі театр әлемінде аталып өтіп жатқандығын мақтанышпен айтты.

Әрине, қазақтың ұлттық театрының негізін қалаған тұлғаның өмірі қанттай тәтті болмаған. Жастайынан жоқтық пен жетіспеушілікті көріп өскен Жұмат Шанин 1916 жылы қара тізіммен майданға алынады. Күздің сілбіген суық жаңбырында, қарлы дауылда окоп қазған жігерлі жас жігіт орыс пролетарларымен бірігіп одақ құрады. Патша режиміне қарсы тұрады. Апталап асты үсті цемент карцерге қамалады. «Денсаулығымды сол карцер құртты» дейді екен. Бірақ, қазақ руханиятының жоқшысын осынша ауыртпалықтар мойыта алмаған.

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, драматург Сая Қасымбек Ж.Шанин туралы зерттеп, кітап жазып жүр. Сая «мен өз өмірбаянымнан гөрі Жұмат атамның өмірбаянын жақсы білетін күйге жеттім дейді. Айтса айтқандай, белгілі драматург ұлттық театр негізін қалаған тұлғаның өнер жолындағы жанкештілігін әсерлі баяндады.

Бақтияр Тайжан,
«Егемен Қазақстан» (мақаладан үзінді)

Пікір жазу