Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ырыс» Микроқаржы ұйымы 2006-2017 жылдар аралығында жалпы соммасы 27,6 млрд. теңгені құрайтын 15731 жобаға қолдау көрсеткен. Қаржы ұйымынан қолдау тапқан жобалардың іске асуының нәтижесінде 13 383 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал, 2017 жылдың жарты жылдық көрсеткіші бойынша жалпы соммасы 4 513,9 млн. теңгені құрайтын 1885 жобаны қаржыландырды. Соның ішінде 939 жоба мал шаруашылығы бағытында болса, көктемгі егін ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Ордабасы ауданында жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға бағытталған, жер реформасын түсіндіру бойынша семинар өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр ашып, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. 2016-2017 жылдары жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесі бойынша облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Е.Тілеген баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Ақмұратов та сөз алып, атқарылған жұмыстардың барысын тілге тиек етті. ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Орталық ҚР Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында жүзеге асып отыр. Бастаманы қолға алудағы мақсат – отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады. Орталықтың салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ербол ...
Толығырақ »«Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар»
Күркеліні жігерлі жастар ауылы деуге болады. Мұнда еңбекқор һәм отаншыл жастар ауыл халқының рухын көтеретін шараларға үнемі бастамашы болып жүргенін байқаймыз. Айта кетерлігі, ауылда ұйымдастырылатын спорттық шараларға қаладан арнайы барып қатысатындар аз емес. 7 шілде күні мұнда осы ауылдың тумасы — қазақтың тұңғыш режиссері Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған мәдени-спорттық шаралар кешенді түрде ұйымдастырылды. Ертемен ауылдың үлкен-кішісі кіреберістегі Жұмат Шанинге арналған ...
Толығырақ »ҮШ КЕЗЕҢДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген «Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады. Көне шаһардың 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияның басты бағыттарының бірі – туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп отыр. Бүгін бұл туралы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсірбаев мәлім етті. Қала басшысының айтуынша, Түркістанға биылғы жылдың 6 айында 678 ...
Толығырақ »ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Мақтаарал ауданында жер реформасын жергілікті тұрғындарға түсіндіру, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік үшін қолданылып жатқан жерлерді тиімді пайдалану мақсатында арнайы семинар-кеңес өтті. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов және ауыл әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Шараның негізгі мақсаты — жер мәселесіне қатысты салада атқарылып жатқан жұмыстарды талдау. Облыстағы жер ...
Толығырақ »ЖАУШЫҚҰМДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ КӨП
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылының жастары үшін жұмыссыз қарап жату деген жат тірлік. Әсіресе, диқаншылықты жанына жақын тұтқан жас жігіттер қыс аяқталысымен-ақ егістік алқапқа шығып, қарекетке кіріседі. Биыл ауылдағы 15 белсенді жас өзара бірлесіп, егіс бригадасын құрды. Сөйтті де теңіз жағасындағы бос жатқан жерді жыртып, жамылғы астына қарбыз екті. Нұрсұлтан Есенбеков бастаған белсенді жастар бригадасы кешегі аптада алғашқы ...
Толығырақ »АСТАНАҒА – ЭКСПОҒА!
Астана қаласында 22-23 шілде күндері «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Осыған орай бүгін ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Астана қаласына жолға шықты. Бұл оңтүстік шаруларының ЭКСПО аясындағы 4-ші жәрмеңкесі. Оңтүстік диқандары бұл жолы қала қонақтары мен тұрғындарына құны 171 млн. теңге болатын 420 тонна өнім жеткізбек. ЭКСПО көрмесінде отандық өнімдеріміз ...
Толығырақ »ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 8 жылдан бері облыс тұрғындарына жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Бүгінге дейін компания 48,8 млрд. теңгені құрайтын 16 240 жобаны қаржыландырған. Нәтижесінде облысымыздағы 16 мыңнан аса кәсіпкер өзінің бизнесін ашып, ілгерілетуге компаниядан қаржылай қолдау тапқан. Жүзеге асырылған жобалар аясында 40 907 жаңа жұмыс орындары ашылған. Ал, «ОҢТҮСТІК» АИО еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымымен бірлесе ...
Толығырақ »СОЗАҚТА ЖҮР ДЕПУТАТ…
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Байділда Жылқышиев жұмыс сапарымен Созақ ауданында болды. Сапар барысында мәжіліс депутаты ауданның индустриалдық аймағында орналасқан «UKO-S-Star» металл құрастыру зауыты» ЖШС жұмысымен танысты. Қазіргі таңда уран өндірісі мен кәсіпорындарға арналған металл бөшкелерін дайындайтын зауыт жылына 50000 дана металл бөшке шығарады. Бүгінде зауытта 35 адам жұмыс істейді. Халық қалаулысы пластик құбырларын шығарумен ...
Толығырақ »ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Мақтаарал ауданының тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан Республикасының электр желілері пайдаланыла бастады. Нақтырақ айтсақ, Мақтаарал ауданы Қазақстанның солтүстігінен тасымалданатын электр жарығын Өзбекстан электр желілерін пайдалану арқылы қабылдауға мүмкіндік алып отыр. Бұл келісімге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ағымдағы жылдың 23 ақпанында Ташкентте өткен үкіметаралық комиссиясы отырысының қорытындысында қол жеткізген болатын. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары мен ...
Толығырақ »ЖАҢА СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Манкент» шағын су электр станциясы іске қосылды. Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын су электр станциясының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Ақсу-Энерго» ЖШС-нің директоры Анарбек Орман қатысты. «Ақсу Энерго» ЖШС-нің бұл жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау тапқан. Бұл станция жылына 2,5 МВт электр қуатын өндіруге қауқарлы. Жоба құны 283 ...
Толығырақ »ЖЕРДІҢ ТӨРІ – ТҮЛКІБАС
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ...
Толығырақ »МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық жөніндегі үш жақты меморандумға қол қойылды. Ондағы мақсат – Оңтүстік Қазақстан облысында жеміс-жидек сақтау қоймаларын салып, алма бақтарын, өңдеу кәсіпорындары мен аралас өндірісті дамыту болып табылады. Шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев, ...
Толығырақ »ЖЕМІС-ЖИДЕК АГРОПАРКТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ
Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы шағын және орта бизнеске, әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту үшін алдағы жылдары осы аймақтарда жеміс-жидек сақтау қоймаларын салу, жеміс-жидек бақтарын, өңдеу кәсіпорындары мен аралас өндірісті дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Осы бағытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Жамбыл облысының әкімдігі мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» ...
Толығырақ »РЕСЕЙГЕ – 51 МЫҢ ТОННА ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ!
Оңтүстік Қазақстан облысындағы диқандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын шығаруда. Биылғы жылы облыс бойынша 57 мың гектар жерге қауын-қарбыз егілсе, олардан 224 мың тонна өнім жиналып отыр. Жиналған өнімнің ішінде 166 мың тоннасы қарбыз, 58 мың тоннасы қауын. Аграрлы аймақ диқандары қазіргі таңда жиналған бақша дақылдарын жергілікті сауда орындарынан бөлек, еліміздің өзге аймақтары мен ...
Толығырақ »КӘСІПКЕРЛЕР 8,6 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРГЕН
ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының Түлкібас ауданында атқарылуы бойынша өткен баспасөз конференциясында аудан басшысы Нұрбол Тұрашбеков хабарлады. Мәліметке сәйкес, Түлкібастың әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында ауданда 1 ірі, 7 орта, 23 кіші және 8 қосалқы барлығы 39 кәсіпорын жыл басынан бері 8 629,5 млн. теңгенің өнімін өндірген. «Ауданда кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер ...
Толығырақ »356 ГА ЖЕРГЕ АЛМА БАУ ЕГІЛДІ
Түлкібас ауданында халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына тікелей әсер ететін негізгі салалар қарқын алып дамып келеді. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында ауданда өткен жылдан бері 24 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Сондай-ақ, Түлкібастың брэнді болып саналатын алма бау шаруашылығы жылдам қарқынмен дамып келеді. Ауданда қазіргі таңда 3077 га бау алқабы болса, оның ішінде қарқынды бау көлемі 230 га. Белгіленген жоспарға сәйкес, ауданда ...
Толығырақ »ТАҢҚУРАЙ ӨСІРУ ІСІ ЖАНДАНЫП…
Қазығұрт ауданы таулы өңір болғандықтан таңқурай өсіруге өте қолайлы. Сондықтан алдағы жылдары мұнда таңқурай егістік көлемін ұлғайту қажет. Ең бастысы – білікті бағбандардың тәжірибесін жұртпен бөлісіп, таңқурай өсіремін деушілердің басын біріктірген жөн. Бұл туралы Қазығұрт ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Нұр-айдар» шаруа қожалығының жұмысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Қазығұрт ауданы Жіңішке ауыл округіндегі «Нұр-Айдар» шаруа ...
Толығырақ »Төрткүлдегі тындырымды тірліктер…
Бәрекелді, ордабасылықтар! Бәрекелді, төрткүлдік тұрғындар! Күннің аптап ыстығында үйлердің сыртын жөндеуге кіріскен ауыл азаматтары бір айға жетпейтін қысқа мерзім ішінде жұмыстарын аяқтап тастады. Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбековтың жеке қадағалауында болған мәселенің соңғы нүктесі қойылды. Аудан басшыларына да, ауыл тұрғындарына да тәнті болдық. Ә.Ә.
Толығырақ »Төрткүлге тосын тездеттік…
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев осыдан оншақты күн бұрын тосыннан бұрылған тұрғын үйлерге біз де тосыннан барып, не өзгергенін көрейік дедік. Ешкімге айтпай, бір жанға ескертпей, жолға шықтық та, Темірланды айналып, тіке Төрткүлге тарттық. Алқа-салқа үйлерін жөндеуге құлшыныс танытпаған ауыл тұрғындарына сол келгенінде өңір басшысы: – Мына үйлерде қалай тұрып жатырсыздар? Неге жөндемейсіздер? Қашанғы: «алма піс, аузыма түс» деп ...
Толығырақ »ОҚО: ОРДАБАСЫДА ҚАРҚЫНДЫ БАУ ЕГУ ҚАРҚЫН АЛУДА
Оңтүстік Қазақстан облысында қарқынды бау егу ісі қарқын алып, жалпы аумағы 2000 гектарға жеткізу көзделіп отыр. Осы ретте Ордабасы ауданына қарасты «Green town south» ЖШС-нің де қосар үлесі де аз болмауы тиіс. Бұл турлаы Ордабасы ауданына жасаған сапарында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Өңір басшысы алдымен «Сейтбек әулеті» мен «Бастау фарм» ЖШС-ның өндіріс орнында болды. Бұл кәсіпорын ...
Толығырақ »Төлебидің тындырымды тірліктері
СҮГІР КҮЙШІ ҰМЫТ ҚАЛМАУЫ ТИІС
Биыл Қаратау күйшілік өнерінің белді өкілі, көрнекті композитор, Ықыластың шәкірті Сүгір Әліұлының туғанына – 135 жыл. Осыған орай 19 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Созақ ауылында еске алу шарасы өтеді. Жастайынан ел арасында «домбырашы Сүгір» атанған дәулескер күйші артына мол мұра қалдырды. «Телқоңыр», «Майдақоңыр», «Бозінген», «Қосбасар», Шалқыма», «Ыңғай төк», «Бес жорға», «Ілме», «Ақжелең», «Аққу» сияқты күйлері кең тараған. Ықыластың ...
Толығырақ »ОТЫРАРДА ҚАМЫС ПЛИТАСЫН ШЫҒАРМАҚ…
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Отырар ауданында жүзеге асырылуы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баспасөз конференциясын берді. Саяси құжаттың әрбір басымдығы бойынша жеке-жеке тоқталған аудан әкімі Отырарда «Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы» басымдығы аясында биыл Үдемелі индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы бойынша құрылысқа ...
Толығырақ »