Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынбасарұлы Орынтаев 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырды. Қазіргі таңда басқармаға қарасты 22 мәдениет мекемесі қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени қызмет көрсетіп келеді. Есепті кезеңде мәдени-көпшілік және ресми бағыттағы 4 814 іс-шара ұйымдастырылып, оларға 3 миллионнан астам адам қатысты. Аталған ...
Толығырақ »Қала тынысы
Шымкентте инженерлік желілерді тексеруге арналған цифрлық технологиялар енгізілуде
Шымкент қаласында цифрландыру мен инновациялық технологияларды дамыту, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылып, қала шаруашылығына заманауи шешімдерді енгізуге басымдық берілуде. Цифрландырудың маңызды бағыттарының бірі – инженерлік желілердің жағдайын бақылауды жетілдіру және коммуналдық жүйелердің жұмыс сенімділігін арттыру. Осы мақсатта жылу және басқа да коммуналдық желілердегі ақауларды ерте ...
Толығырақ »Из Шымкента в армию отправились еще 27 граждан
В Шымкенте состоялась торжественная церемония проводов граждан, призванных на срочную воинскую службу. 27 жителей города отправились служить в ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан. Торжественное мероприятие прошло в парке «Абай» у памятника ветеранам Великой Отечественной войны. В церемонии приняли участие первый заместитель акима города Шымкент Айдын Каримов, ветераны Вооруженных Сил, представители районных акиматов, а также родители и близкие призывников. На ...
Толығырақ »Шымкентте балалардың еңбек құқықтарын бұзудың 8 фактісі анықталды
Еңбек қатынастарын заңдастыру және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі. Осы бағытта Шымкент қаласында кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын сақтау, еңбек шарттарын рәсімдеу және қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер беру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2026 жылғы маусым айынан бастап жазғы демалыс кезінде балаларды заңсыз еңбекке тарту деректерінің алдын алу мақсатында полиция органдарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 72 ...
Толығырақ »Шымкентте 2 824 жұмыскердің жалақы берешегі өтелді
Еңбек құқықтарын қорғау, жалақы бойынша берешекті азайту және өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету – еңбек инспекциясы жұмысының негізгі бағыттарының бірі. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Шымкент қаласында еңбек заңнамасының орындалуын бақылау және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Жеңіс Тіллабайұлы мәлімдеді. Есепті ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ НҰРТАС ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ
Шымкент қаласында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта Нұртас шағынауданы, Ақбота көшесінің бойында жаңа гүлзардың құрылысы толық аяқталды. Жалпы аумағы 18 соттық жерді алып жатқан гүлзар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалардың ойнап, жастардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Жоба аясында демалыс аймағын жайлы әрі қолайлы етуге бағытталған бірқатар нысан қарастырылған. Атап айтқанда, гүлзар ...
Толығырақ »Шымкентте тоғыз айда 361 құрылыс нысаны пайдалануға қабылданды
Шымкент қаласында құрылыс-монтаж жұмыстарын рәсімдеу, нысандарды пайдалануға қабылдау, құрылыс саласындағы лицензиялау және мамандарды аттестаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында осы бағыттар бойынша бірқатар өтініш қаралып, тиісті рәсімдер жүзеге асырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Берік Дүйсенов мәлімдеді. Брифинг барысында басқарманың есепті кезеңдегі жұмыстарының қорытындылары ...
Толығырақ »Шымкентте құрылыс қауіпсіздігі мен мемлекеттік сатып алуларға бақылау күшейтілуде
Шымкент қаласында құрылыс нысандарының заңдылығын қадағалау, тұрғын үй қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған 132 нысан анықталып, 78 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Оның ішінде заңсыз құрылыс бойынша 91 нысан иесіне 33,6 миллион теңге, құрылыс сапасына қатысты 22 нысанға 27,3 миллион теңге айыппұл белгіленді. Ал үлестік ...
Толығырақ »МОЛОДЕЖЬ ОЗНАКОМИЛАСЬ С РАБОТОЙ ПРОИЗВОДСТВА ТРАНСФОРМАТОРОВ
В ТОО «ЭлектроЗаводСервис», расположенном в индустриальной зоне «Тассай», состоялась экскурсия для молодежи, организованная Молодежным ресурсным центром Управления молодежной политики города Шымкент. В ней приняли участие около 60 активных студентов Университета дружбы народов имени академика А. Куатбекова, которые ознакомились с рабочим процессом производства трансформаторов. Цель экскурсии – расширить представление молодежи о производственных предприятиях, повысить интерес к техническим специальностям и ознакомить с ...
Толығырақ »Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті
Қаладағы Арбат алаңында «Халық заңгері» акциясы аясында тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілді. Акцияға қалалық басқармалардың, әкімдіктердің мамандары, заңгер-консультанттар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен прокурорларды қоса алғанда, 40-қа жуық маман қатысты. Олар тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша тегін кеңес берді. – Шымкент тұрғындары түрлі мәселелер бойынша жүгінеді. Алайда ең көп қойылатын сұрақтар тұрғын үй және жылжымайтын мүлік құжаттарын ...
Толығырақ »Шымкентте жастарға экологиялық жауапкершілік түсіндірілді
Шымкентте «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» республикалық акциялары аясында тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Бүгін қаладағы №140 жалпы орта мектебінде «Таза Қазақстан – таза болашақ» тақырыбында экологиялық сабақ өтіп, оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, ауаның және судың ластануын болдырмау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәселелері түсіндірілді. Оқушылар экологиялық жобаларын таныстырып, қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты тәжірибелік жұмыстар көрсетті. ...
Толығырақ »В Шымкенте молодежи разъяснили экологическую ответственность
В Шымкенте продолжается работа, направленная на повышение экологической грамотности жителей в рамках республиканских акций «Таза Қазақстан» и «Заң мен тәртіп». В общеобразовательной школе №140 состоялся экологический урок на тему «Таза Қазақстан – чистое будущее», в ходе которого учащимся разъяснили вопросы охраны окружающей среды, предотвращения загрязнения воздуха и воды, сортировки и переработки бытовых отходов. Учащиеся представили свои экологические проекты и продемонстрировали ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «ҚАРЖЫ САҚШЫСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Қаржы сақшысы» республикалық интеллектуалды ойыны өтті. Жобаның негізгі мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және алаяқтық әрекеттердің алдын алу. Іс-шараның ашылу салтанатында Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы, «Әділет» партиясының қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жанабайұлы Жоджыхожаев пен қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын ...
Толығырақ »ПО ПОРУЧЕНИЮ ПРЕЗИДЕНТА В ШЫМКЕНТЕ РАСШИРЯЮТ СОЦИАЛЬНУЮ ИНФРАСТРУКТУРУ
В Шымкенте состоялась церемония закладки капсулы на месте строительства дополнительного корпуса Шымкентской городской многопрофильной больницы №2. В мероприятии принял участие аким города Габит Сыздыкбеков. Объект рассчитан на 80 коек. Он позволит расширить возможности больницы по оказанию специализированной и экстренной медицинской помощи с учётом растущей потребности населения. Новый корпус строится по поручению Главы государства в целях дальнейшего развития социальной инфраструктуры города ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ 50 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Шымкентте ұзындығы 50 шақырым болатын айналма автокөлік жолының құрылысы басталды. Ірі инфрақұрылымдық жобаның іргетасын қалау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа жол қаланың көлік жүйесін дамытуға және транзиттік қозғалысты тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Жоба Алматы–Ташкент бағыты бойынша өтетін халықаралық және республикалық транзиттік көліктерді қала аумағынан тыс өткізуге мүмкіндік береді. Бұл негізгі көшелердегі көлік жүктемесін азайтып, жүк көліктерінің қала ішіне кіруін ...
Толығырақ »ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ АУЫСЫМЫНА 500 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЕМХАНА САЛЫНАДЫ
Мегаполистің Shymkent City шағынауданында жаңа емхана құрылысы жүргізілетін жерде капсула салу рәсімі өтті. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және қолжетімді медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында салынуда. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа емхана ауысымына 500 келушіге есептелген және 30 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Емхана құрамында ересектер мен балалар бөлімшелері, әйелдер консультациясы және ...
Толығырақ »ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ: ШЫМКЕНТТЕН 1300-ДЕН АСТАМ ЖАС АЗАМАТ АТТАНАДЫ
Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 1300-ден астам азаматты әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр. Науқан 1 қыркүйекте басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазір шақырылушылар медициналық тексеру мен психологиялық іріктеуден өтіп, шақыру комиссиясының қарауына жіберілуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері әскерге шақыру тәртібі мен әскери қызметшілерге берілетін мүмкіндіктер туралы айтып берді. Әскерге ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР АУДАНДА ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ
Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын дамытуға байланысты бірқатар аумақта газбен жабдықтау уақытша тоқтатылады. 2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін Байдібек би және Төлеметов көшелерінің қиылысында, хайуанаттар бағы аумағында автомобиль жолын кеңейту және жолайрық салу жұмыстарына байланысты газ беру уақытша шектеледі. Газбен жабдықтау Тараз шағынауданының Парасат, Таңшолпан, Өркениет, Жетісу, Шаңырақ, Айшабибі, Мырзаходжаева және Байтерекова көшелерінде тоқтатылады. Солтүстік-Батыс және Шапағат-2 шағынаудандарындағы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. 1 қыркүйектен бері 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден және жеке әңгімелесуден өтуде. Биыл күзгі науқан аясында қаладан 1300-ден астам ер азаматты әскери қызметке жіберу жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері мәлімдеді. Әскерге шақыру ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Утебаева 2026 жылдың сегіз айында атқарылған жұмыстарды баяндап, саладағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды. 2026 жылы қалада 31 398 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Сегіз айдың қорытындысы бойынша бұл бағытқа 26 412 адам тартылып, жоспардың 84,1 пайызы орындалған. Оның ішінде 16 273 ...
Толығырақ »«Большая стройка»: 33,5 млрд теңге выделено на строительство перинатального центра и второй ВПП аэропорта в Шымкенте
В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данных на первой сессии Курултая, Правительством принимаются меры по опережающему развитию социальной инфраструктуры в регионах. В Шымкенте реализуются проекты по строительству нового перинатального центра и второй взлетно-посадочной полосы международного аэропорта. На продолжение строительства объектов дополнительно направлено 33,5 млрд теңге, из них на объект здравоохранения – 10 млрд теңге и 23,5 млрд теңге ...
Толығырақ »«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының Құрылтайдың алғашқы сессиясында берген тапсырмаларын орындау аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Шымкентте жаңа перинаталдық орталық пен халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу жобалары жүзеге асырылуда. Нысандардың құрылысын жалғастыруға қосымша 33,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау нысанына – 10 млрд теңге, ал екінші ұшу-қону жолағына 23,5 млрд теңге бағытталды. Шымкент қаласы қарқынды ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА МҮМКІНДІК КЕҢЕЙДІ
Шымкентте тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді электронды форматта өз бетінше алуға мүмкіндік беретін жаңа AI-кеңсе ашылды. Жаңа форматтағы цифрлық кеңсе еліміз бойынша бесінші болып отыр. AI-кеңсенің негізгі мақсаты – азаматтарға цифрлық сервистерді тиімді пайдалануды үйретіп, электронды мемлекеттік қызметтерді меңгеруіне қолдау көрсету. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
Шымкент қаласында тағы 30 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Салтанатты іс шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, баспаналы болған тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады. Жаңа пәтерлердің бір бөлігі Қайтпас шағынауданында орналасқан жалға берілетін тұрғын үйлерден, ал несиелік баспана Асар-2 шағынауданындағы тұрғын үй кешенінен ұсынылды. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ жүзеге асыратын «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары бойынша төлем қабілетін растаған және белгіленген ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ
2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды. Бірінші Жарлықпен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Кеңес құрамына қоғамдық ұйымдар, өңірлер, этномәдени бірлестіктер, ғылыми және сарапшылық орта, бизнес, кәсіподақтар, білім, мәдениет, спорт және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қоса алғанда, 126 азамат кірді. Шымкент қаласынан Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына: * Латипша Қаймаханович Асанов ...
Толығырақ »