Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 25)

Қала тынысы

ТИІМДІ ЖОБА

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға қолдау көрсетуге зор мүмкіндік береді. Жаңа жобаның негізгі басым бағытының бірі – аз қамтылған азаматтарға көмек беру және жұмыспен қамту. Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиынға қаладағы бірқатар кәсіпкерлер қатысты. – Әлеуметтік кәсіпкерліктің ерекшелігі – бұл қызметтің ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ИГІ БАСТАМА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Шымкентте игі бастама қолға алынды. Қала аумағында ата-анасының мақтанышына айналған, Шымкент қаласынан әскерге шақырылған үздік сарбаздардың бейнесі билбордтарға ілінуде. Ондағы мақсат – Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтардың ісін жастарға үлгі ету. Игі бастамаға Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұйытқы болған. Айта кетейік, 7 мамыр ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «АУЫЗАШАР СЕБЕТІ» ҮЛЕСТІРІЛДІ

Шымкентте қасиетті Рамазан айындағы қайырымды істер жалғасуда. Үшінші мегаполисте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан ораза ұстаған тұрғындарға «Ауызашар себеті» үлестірілді. Игі іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұхамеджан Естеміров пен Мұсабек Ақтамберді, аудандық мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты. Дәстүрлі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов қайырымдылық шарасының мән-маңызына тоқталып өтті. ...

Толығырақ »

ДӘРІГЕРЛЕР ЖАСӨСПІРІМДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер алғаш рет инсульт алған 14 жастағы қыз баласына ашық ота жасап, ажалдан арашалап қалды. Операция жасалған жеткіншектің бас ми қан тамырлары жарылып, салдарынан миына қан құйылған. 2021 жылы 23 сәуір күні қалалық клиникалық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен 14 жастағы қыз баласы жеткізілген. Дәрігерлер компьютерлік томография жасап, қан тамырларының жарылуына байланысты миға қан құйылғанын ...

Толығырақ »

АРЫЗ — ШАҒЫМДАРДЫ ТЫҢДАУ – БАСТЫ МІНДЕТІМ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды онлайн режимде қабылдап, тұрғындардың баспана, әлеуметтік, инфрақұрылым және т.б., мәселелерін тыңдады. Шаһар басшысы мәселелердің шешімін табу жолында жұмыс атқарылатынын айтты. Онлайн қабылдауда Самал-3 шағынауданының тұрғыны Теңге Аришова баспана мәселесін көтерді. Алайда тұрғынның мұраға қалу шарты негізінде Самал-3 шағынауданы №498 тұрғын үйі тіркелгені анықталып отыр. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін, азаматтың отбасы мүшелерінің ...

Толығырақ »

ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ

Эдинбург Университеті (University of Edinburgh). Адам Смит пен Чарльз Дарвин оқыған университетке түсу туралы Сайдибурханиддин Адиханов, 30 жаста, Нұр – Сұлтан қаласы, Ph.D. student in Biomedical sciences, Nazarbayev University, @saidiburkhaniddin Университетті таңдау туралы Мен «Болашақ» халықаралық стипендиясын алғаннан кейін білім алу үшін елге таңдауым түсті. АҚШ пен Ұлыбритания арасында екінші нұсқаны таңдадым. Себебі, Ұлыбритания Қазақстанға жақынырақ және ондағы оқу принципі ...

Толығырақ »

Antikor жемқорлықты идеология арқылы азайтуға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева «Парасат жолы» орталықтарының жұмысы туралы баяндады. Мемлекет басшысы былтыр парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің маңыздылығын атап өткен еді. Осыған байланысты агенттіктің бастамасымен елордада Ұлттық академиялық кітапхана базасында ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерімен «Жұмадағы жүздесу» атты тікелей эфирлер ұйымдастыруды қолға алды. Халық арасында кеңінен таралған ...

Толығырақ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ

«Шымкент қаласы және Түркістан облысы Автомобиль көлігі және жол мекемелері» жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «ШЫМКЕНТ-ТРАНСАГЕНТСВО» ЖШС және Ордабасы ауданындағы «АвтоНур» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Али Агитұлы Кездесу барысында жұмыскерлерді мерекемен құттықтап, кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе еңбек адамының құқын қорғау екенін, кәсіподақтар жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз ...

Толығырақ »

СЕНАТОРЛАР ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚОЛДАМАДЫ

ҚР Парламентінің Сенаты Мәжіліс депутаттары ұсынған Жер кодексі бойынша заң жобасына енгізілген 48-баптың 2-тармағын кері қайтарды. Жер телімдерін шетелдіктерге пайдалануға беруге қоғам наразы болды. Заң жобасының бұл нормасы әлеуметтік желілер мен электрондық БАҚ-та талқылау объектісіне айналып, қоғамның наразылығын тудырғаны белгілі. Заң жобасындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасына қайшы келетін осы бабты алып тастауды Сенаттың пленарлық отырысында Шымкент қаласынан сайланған Сенаторлар ...

Толығырақ »

ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қала және облыс әкімдеріне жазған хатында кәсіподақтар алаңында Үшжақты комиссия отырысын өткізу бойынша ұсыныс берілген. Жолдама хат аясында «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратының мәжіліс залында «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» қарсаңында Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің ...

Толығырақ »

ЖҰЛДЫЗЫ ЖОҒАРЫ ЖҰМАБЕК-ЖЫР

Жүрек пен ақыл Жетпісінші жылдардың екінші жартысы мен сексенінші жылдардың басында өз тұстастарынан дарынымен дараланып, рухани орта мен әдебиет сүйер әлеуметке кең танылған жас ақындардың бірі – Жұмабек Мұқанов (1955-2017) болатын. Шалғайдағы Шардарадан шыққан шайыр бала бесігінен уызына жарыған, ата көрген, әке көрген, солар арқылы халық ауыз әдебиетіне қанып өскен қаламгер боп қалыптасыпты. Қазақстанның әр түкпіріндегі аға буын қаламгерлер шығармаларынан ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК МҰРАТҚА ЖЕТКІЗЕР

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕКСҮЙЕР ӘЛЕУМЕТ! Сіздерді «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек күнімен» құттықтаймын. Дана халқымыз еңбекке аса үлкен мән беріп, «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», – деп еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екенін көрсеткен. Сіздер жанқияр еңбектеріңізбен келер ұрпаққа тәлімгерлік дәстүрді табыстап, ұрпақтар сабақтастығын сақтап келесіздер. Республикамыздың дамып, өркендеуіне кәсіподақтар қатарында сіздер де ...

Толығырақ »

Қасиетті Рамазан айында 500 отбасыға көмек көрсетілді

Еліміздің Үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында қасиетті Рамазан айындағы қайырымды істер жалғасуда. Сондай іс-шараның бірі бүгін Еңбекші ауданы аумағында өтті. Аудан аумағында тұратын 500-ден астам отбасыға азық-түлік таратылды. Қайырымдылық іс Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Бәйкен Әшірбаевтың демеушілігімен өтті. Іс-шараның өтуіне «Nur Otan» партиясының өкілдері және ерікті жастар да атсалысты, атап айтсақ, «Ізгілік елшісі» еріктілер тобының жастары мен «Келешек» жастарының еріктілері ...

Толығырақ »

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСТАРЫ ӨТУДЕ

Шымкентте Партиядағы есептік сайлау науқаны сайланбалы органдардың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қалалық партия филиалы саяси кеңес бюросының қауылысына сәйкес бастауыш партия ұйымдарының есептік-сайлау жиналыстары өтіп жатыр. Жалпы, Шымкент қаласында 34 мыңнан астам партия мүшелерін біріктіретін 49 БПҰ бар. Бүгін «Nur Otan» партиясы Енбекші аудандық партия филиалына қарасты «Береке» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. «Береке» БПҰ-да 943 мүше бар. Санитарлық ахуалға ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымы «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» ғимаратының мәжіліс залында кәсіподақ активі мүшелерімен кездесу өткізді. Жиынға «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Лариса Тургинбаева, «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Болат Әлиев, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, ...

Толығырақ »

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында қалалық Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейінде кездесу өткізді. Кездесуге қадірлі қонағы ретінде мәдениет қайраткері, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов қатысты. Шымкент қалалық Саяси ...

Толығырақ »

БАУЫРЖАН ІЛІМШЕҰЛЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев «ANTIKOR-LIVE» бағдарламасында «Мекеме қызметі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбы бойынша тікелей эфирде сұхбат берді. Бауыржан Ілімшеұлы алдымен, кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе еңбек адамының құқын қорғау екенін, кәсіподақтар жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке ...

Толығырақ »

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

қалалық ғылыми-әмбебап кітапханаға келіп, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып шықты. Таныстырылымға Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов қатысты. Рухани шаңырақ халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Бүгінде кітапхана қорында 400 мыңнан астам кітап пен 6546 дана электронды қоры бар. Ал, оқырмандар саны 18 600-ды құраса, келушілер саны 128 000, кітап берілімі ...

Толығырақ »

«ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?» ОНЛАЙН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы деп жариялаған 2021 жыл шеңберінде «Қалың қалай, бастауыш ұйым» шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Осыған орай, Шымкент қаласындағы алғашқы онлайн кездесу қалалық «Жұқпалы иммундық тапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі» орталықта өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Утешев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Берік Бекжанов, Екатерина Смышляева, «SENIM» ...

Толығырақ »

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімдігінің «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұжым мүшелерінің қызмет көрсету жұмыстарымен және кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты. Орталықта 271 адам жұмыс жасауда, оның ішінде: әкімшілік қызметкерлері – 11, дәрігерлер мен медбикелер – 33, білім және тәрбие беруші ...

Толығырақ »

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімдігінің «Шапағат мүгедектерге арналған оңалту орталығы» мекемесіне барып, бастауыш кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ мүшелерінің қызмет көрсету жұмыстарымен және қал-жағдайларымен танысты. Орталықта кәсіподақ ұйымы 2021 жылдың басында құрылып, оның құрамына 43 адам, яғни бүгінде 100% қызметкері кәсіподақ ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков қалалық перзентхана, №10 және №13 қалалық емханаларда қызмет ететін тұрмысы төмен 3 қызметкерге 50000 теңгенің қайырымдылық сертификатын табыстады. Қазіргі пандемия, шынында да адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған әлемдік дағдарысқа әкеліп соқтырды. Карантин кезінде кәсіподақтар бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс атқарып та кетті. Қысылтаяң шақта бір-бірімізге жанашырлық таныту, ...

Толығырақ »

МІНДЕТТІ АТТЕСТАТТАУ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» қызметкерлерінің атқаратын қызметіне сәйкес келетін деңгейін бақылау мақсатында міндетті аттестаттау өтті. Комиссия құрамында «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» директоры Сұлтан Сраилов (комиссия төрағасы), кадр ісі жөніндегі маман м.а. Дана Мамекова (комиссия хатшысы), Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім ...

Толығырақ »

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?

«Қызмет» салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласындағы «Ырыс-7» балабақшасына барып, бастауыш кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты. Балабақшада кәсіподақ ұйымы 2021 жылдың басында құрылып, оның құрамына 15 адам кірген. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қарымсақова Ақтолқын Амангелдіқызы. Мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподағы арасында 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалған ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мемлекеттік  мекемелер мен қоғам өкілдері қатысты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының ...

Толығырақ »