Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР ТАЗАЛАНУДА

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР ТАЗАЛАНУДА

Возможно, это изображение (5 человек, на открытом воздухе и дерево)

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР ТАЗАЛАНУДА

Еңбекші ауданы аумағында су басу қауіпі бар және су үймелейтін аумақтарға аудан әкімдігі тарапынан бақылау жұмыстары жүргізілуде. Су басқан көшелерге, атап айтқанда, 1 автожол көшесі (темір жол көпірінің асты), Арғынбеков, Дизельная, Ата заң, Қызғалдақ, Мамбетов көшелеріне арнайы су тартатын 8 дана АС машина, 4 дана Зил-130 көлігінде мотопомпа техникасы және бекітілген ирригациялық арықтарды тазалауға 83 жұмысшы жұмылдырылған.

Қазіргі таңда аудан әкімі аппаратының мамандары «I-Komek 109» ситуациялық орталығы арқылы аудан тұрғындарынан келіп түскен қоңырауларға жауап беріп, тұрғындармен кері байланыс орнатуда және аудан аумағын аралап, бақылауға алған.

Бұл бағыттағы жұмыстарды атқару үшін Еңбекші ауданы әкімдігі қызметкерлерінен арнайы кезекшілер ұйымдастырылды.

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу