Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » 22 ӘЙЕЛ ЕМДЕЛІП ЖАТЫР

22 ӘЙЕЛ ЕМДЕЛІП ЖАТЫР

Возможно, это изображение (1 человек и в помещении)

«Шымкент қалалық №2 аурухананың COVID орталығында коронавирус жұқтырған 22 әйел емделіп жатыр. Оның жетеуі босанған әйел». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтылды.
— Аурухананың COVID орталығы 100 орынға бейімделген. Бүгінде 22 әйел ем қабылдап жатыр. Оның 7-еуі босанған, 15-і жүктіліктің түрлі мерзіміндегі әйелдер. Науқастардың денсаулығы орташа-қалыпты. Емдеу уақыты науқастың жағдайына қарай 5-12 күнге дейін созылуы мүмкін,- дейді Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Асқар Рахматалиев.
Айта кетейік, БАҚ өкілдері тур барысында санитарлық талаптарға сай қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілді.

© Замира АЛДАБЕРГЕНОВА
Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ

Пікір жазу