Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚАРАБАСТАУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ҚАРАБАСТАУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Возможно, это изображение (4 человека, люди стоят и на открытом воздухе)

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек Қарабастау тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағының тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Тұрғындар аудан әкіміне негізінен абаттандыру, инфақұрылым жүйелерімен қамту бойынша өз шағымдарын айтты.

Қазіргі таңда жаңақұрылыс аумағына ауыз су құбырын тарту үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Ендігі кезекте құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім беріледі.
Сонымен қатар, аталған тұрғын алапта балаларға заманауи ойын алаңшасын салуға тиісті қаржы бөлінген. Биыл ойын алаңшасының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі.

Кездесуге қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мамандары қатысып, тұрғындарға атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
Тұрғындар өз кезегінде былтыр жаңақұрылыс аумағында 1300-ден астам абонентке электр желісі жүргізілгеніне өз алғыстарын білдірді.

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Пікір жазу