Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРУШЫЛАР САНЫ АРТЫП ОТЫР

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРУШЫЛАР САНЫ АРТЫП ОТЫР

Возможно, это изображение (4 человека, люди стоят и в помещении)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Covid-19 індетімен күрес жұмыстары барысын пысықтау мақсатында жедел жәрдем станциясының жұмысын аралап көрді.
Станцияның жұмысымен таныстырған бас дәрігер Гүлнәр Құрманбекова қазіргі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем шақыртушылар саны артып отырғанын мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша, 103 қызметіне орташа есеппен күніне 1900- 2000 қоңырау келіп түсуде. Жедел жәрдем көмегіне жүгінгендердің басым бөлігі ЖРВИ инфекциясымен ауырғандар.
Возможно, это изображение (в помещении)
Қала әкімі ең алдымен медицина қызметкерлерін қорғаныс киімдермен қамтуды және сақтық шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, жұмысты күшейтілген режимде ұйымдастыруды тапсырды.
Бүгінде үшінші мегаполисте 100 жедел жәрдем бригадасы тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетуде. 103 станциясы толығымен цифрлы жүйеге қосылған. Жедел жәрдем қоңырауларының барлығы біріктірілген автоматты жүйе арқылы қабылдануда. Одан бөлек, шақыртуға баратын көліктерде GPS-навигаторы орнатылған.
© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу