Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 33)

Облыс жаңалықтары

ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында «Саттар Ерубаев» атындағы шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды. Қорды ұйымдастыруға ұйытқы болған Жастар ресурстық орталығы. Аталмыш идеяның бастамасы ретінде былтыр облыс деңгейінде «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауы» өткен болатын. Байқау әдебиет пен мәдениеттің 8 бағытын қамтыған. Атап айтсақ, «Үздік жас мүсінші», «Үздік жас дизайнер», «Үздік жас қолөнерші», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас әнші», «Үздік жас ғалым», «Үздік ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТҚАН

Түркістан облысы Төлеби ауданында «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы ауданда жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 149 азамат грант иеленіп, өз кәсібін бастаған, деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Грантты иеленушілердің басым бөлігі мал және құс шаруашылығы, кондитерлік, қызмет ...

Толығырақ »

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРМЕК

Алматы қаласындағы А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының білікті мамандары, уролог — трансплантолог Ернұр Белгібаев пен Ельшад Набиев Отырар ауданының тұрғындарына дәрігерлік кеңес беруде, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Білікті мамандар екі күн бойы Отырар ауданының тұрғындарын қабылдап, көмек көрсетеді. Тәжірибелі мамандар несеп — тас ауруы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, қуық тас ауруы, ...

Толығырақ »

ИМПОРТТЫҢ ОРНЫН БАСУҒА ОҢ ӘСЕРІН ТИГІЗЕДІ

Түркістан облысының спортшылары, дәрігерлері мен мектеп оқушыларының арнайы формалары «Turkestan Textile «БК» фабрикасында тігіледі. Бүгін мұнда 200 мыңға жуық арнайы киімге тапсырыс берілді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев рекордтық қысқа мерзімде іске қосылған тігін фабрикасында болды. Отандық өнімнің үлесін арттыруға ықпал ететін әлеуметті маңызы бар кәсіпорын, білім беру және медициналық мекемелер мен дене шынықтыру және спорт басқармаларымен бірлесе жұмыс істеп, жергілікті ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ ОҚИҒАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістандық полицейлер Ордабасы оқиғасымен танысты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Түркістан облысы Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жас мамандары Темірлан елді мекеніндегі «Қажымұқан» музейі мен “Данқ” мемориалында болды. Әрбір жәдіргермен танысқан полиция қызметкерлеріне тарихи тұлғалар туралы кең мәліметтер берілді. Биыл елімізде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы тойланады. Республикамыздың барлық өңірінде балуанның мерейтойына орай түрлі ісшаралар өткізу басталып ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Түркістандық спортшы дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды. Бұл туралы DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне арнасына сілтеме жасай отырып  хабарлайды. Жыл басы сарыағаштық спортшылар үшін табысты басталды. Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты ұйымдастырылды. Онда Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ол осымен Қазақстанның екі ...

Толығырақ »

МАМАНДАРЫ ТҮРКИЯҒА АТТАНДЫ

Дәрігерлердің біліктілігі – басты назарында. Түркістан облысының медицина мамандары біліктілігін шетелде арттыруда. Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері, яғни бес дәрігер және бес фельдшер Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласына арнайы тәжірибеден өтуге барды, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Бұл шара Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Мұндағы мақсат – медицина мамандарына соңғы технологияларды меңгеріп, жедел түрде науқастарды ...

Толығырақ »

ТУРИСТЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ АРТА ТҮСПЕК

Түркістан қаласы Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Осылайша шаһардағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан да арта түспек. Осы мақсатта екінші сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді. Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылды. Дүниежүзілік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған  «Түркістан Адалдық алаңы – Сапалы жол»   жобасы аясында облысқа қарасты Сарыағаш ауданының автомобиль жолдары зерделеніп, жол төселімінің  сапасы мен қауіпсіздігіне кешенді мониторинг жұмыстары жүргізілді. Бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін  арттыру және жолдарды төсеу және жөндеу кезінде туындайтын ...

Толығырақ »

ТЕРГЕУШІЛЕРДЕН СЫНАҚ АЛЫНДЫ

Мемлекет басшысының 1 қыркүйек 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жоспарының 102 тармағындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты негізгі процестік шешімдерді қабылдау прокурорлармен келісу міндеттелген. Аталған тапсырма аясында ҚР Бас прокуратурасы және қылмыстық қудалау органдарымен біргелікте қылмыстық процестік заңнамаға кешенді түзету енгізілген. Осыған орай, Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан ...

Толығырақ »

БАЛУАН ТУРАЛЫ КІТАП ҮШ ТІЛДЕ ШЫҚПАҚ

Қазақ деген халықты бүкіл әлемге танытқан әйгілі алып күш иесі -Қажымұқан бабамыздың туғанына биыл 150 жыл. Қазір осы мерейтойға арналған түрлі шаралар бастау алуда. Мұндай игілікті істер Ордабасы ауданында да атқарылуда. Соның бірі –аудан азаматтарының күшімен құрастырыплы жатқан Қажымұқан жайлы кітап. Бұйыртса бұл дүние үш тілде жарық көрмек. Бұл туралы DIDARBEK.KZ хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасап. Ия, дәлірек айтсақ  палуан  ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС

Кеңес заманында сталиндік қуғын-сүргін нәтижесінде мыңдаған грек отбасылары Қазақстанға мәжбүрлі түрде көшірілді. Олар мұнда мәңгі қалды. Өйткені департацияның барлық ауыртпалығынан қонақжай және жанашыр қазақтардың арқасында көшіп келген халықтың аман қалуына көмектесті. Менің ата-анам 1949 жылы Кавказ жерінің Сухуми қаласынан Мақтаарал аймағына көшіп келді. Константинидидің анасы Стела Константиновна қазақтардың Достық қолдарының және жүрек жылулығының арқасында көптеген халықтар мәжбүрлеп қоныс аударудың қайғылы ...

Толығырақ »

САНАЛЫ ҰРПАҚ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Түркістанда «Саналы ұрпақ — жарқын болашақ» тақырыбында онлайн конференция өтті. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын дәріптей отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кең талдау жасау. Бейнеконференция байланысы арқылы өткен мақсатты жиынға республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас ...

Толығырақ »

БАҒДАРЛАМАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында шаруаларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру шаралары жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығының сала мамандары Сарыағаш және Келес ауданы диқандарымен көктемгі егіс науқаны бойынша қаржылай қолдау көрсету мақсатында кездесу өтті. Негізгі жоспар – ауыл шаруашылық субъектілерін несие алуға ынталандыру. Жиында егін егуге, егістікке қажетті техника сатып алауға ниетті шаруаларға мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндік мол екені баяндалды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТУДА

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Биыл жалпы 65 шағын жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл 300-ге тарта жергілікті халықтың жаңа жұмыс орындарымен қамтылуына мүмкіндік береді. Ал, 2020 жылдың қорытындысымен аудан бойынша 240 жаңа жұмыс орнын құрайтын 62 жоба жүзеге асырылған болатын. Осылайша ауданда шағын және орта бизнес 9 166-дан асқан. Ауданда шағын және орта ...

Толығырақ »

«ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІН» ҚОЛҒА АЛУ КӨЗДЕЛУДЕ

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің IV Пленумында «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» кітабының тұсауы кесілді. Облыс басшылығының қолдауымен жарық көрген кітапта облыс ардагерлері туралы соңғы деректер толық қамтылған. Санитарлық талаптарға сай онлайн режимінде ұйымдастырылған Пленум жұмысын облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов жүргізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Nur Otan» Партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық қоғамдық ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың жетекшілігімен өткен жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына қатысты мәселелер қаралды. Бұл мақсатта Түркістан облысында жүйелі түрде, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Әрі қарай да пәрменді шаралар жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ, жаңадан енгізілген реформалар туралы түсіндірме жұмыстары және мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға қатысты енгізілген тыйымдар туралы түсіндірме жұмыстарын күшейту жүктелді. «Жемқорлықтың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін квазимемлекеттік сектор қызметіне енгізу мәселесі бойынша өңір кәсіпкерлері мен квазисектор өкілдеріне семинар-тренинг ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Түркістан өңірінде квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында ұжымдық адалдық стандарттарын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА  «БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ҚОРҒАУ»  МӘЖІЛІСІ  ӨТТІ  

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен  «Бизнесті және инвестицияны қорғау» мәжілісі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Бизнес ортадағы өзекті мәселелер ортаға салынған алқалы жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа ...

Толығырақ »

КАРАНТИН: ТОЙҒА КЕЛУШІЛЕРДІ ТАРҚАТТЫ

Түркістан облысының полицейлері кезекті «Қыз ұзату» тойына келушілерді тарқатты. Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастыруда. Осындай кезекті арнайы құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында, Сарыағаш қаласының көшелерінің бірінде орналасқан тойханада «Қыз ұзату» тойы өтіп жатқаны анықталған. Аталған тойға шамамен 100-ге жуық қонақ жиналған. Тойдың үстінен түскен тәртіп сақшылары аталмыш тойға келушілерге ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 25 000 АСТАМ ТҰРҒЫН ЖЕР КЕЗЕГІНДЕ ТҰР

Түркістан қаласында инфрақұрылым аяқталмай жер берілмейді. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов Instagram желісіндегі жеке парақшасында тікелей эфир арқылы айтып өтті. WhatsApp мессенджерінде тегін жер беріліп жатқаны және ол бойынша Халықтық кеңсеге бару қажеттігі жайлы ақпараттар тарауда. Рашид Абатұлы жалған ақпарат тарататындарға Заңмен шара көрілетінін айтып, қазірде ешқандай жер беріліп жатқан жоқ екенін айтып өтті. «Тек Түркістан қаласының азаматтары ғана ...

Толығырақ »

АЛҒЫС АЙТЫП, АЛҒЫС ХАТТАР ТАПСЫРДЫ

Жарық дүниеге келген адамзат баласы ғұмыр сүрген өмірінде талай-талай қуанышты оқиғалар мен ауызбіршілік пен азаматтық қасиеттер сынға түсетін небір ауыр сынақтарға, табиғи апаттарға тап болып жатады. Мұндайда үрейге бой алдырмай, сабыр сақтап, туындауы мүмкін қауіптің алдын алып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара жүріп ұйымшылдықпен қажетті жұмыстарды сәтімен жүзеге асырған жандардың қашан да ұтары көп, жүздері жарқын. Жақында киелі ...

Толығырақ »

ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімі аппаратында «ISO 37001: «Парақорлық пен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін квазимемлекеттік сектор қызметіне енгізу» тақырыбында семинар  — тренинг ұйымдастырылды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының, мүдделі мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасы мақұлданды. Түркістан қаласының орталығындағы Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай, әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес болады. 320 орындық спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады. Нысан құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. «Желілік саябақ» бойында, бұрынғы орнынан қайта бой көтеретін зәулім кешеннің айналасы толық ...

Толығырақ »

ЖАЙЫЛЫМ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

Халықтың пайдаланатын жайылым жердің көлемі 742 мың га немесе 21% артады. Түркістан облысы аумағындағы жайылым жерлерді қайтарудың 5 бағыттық қадамдық алгоритм жобасы әзірленді. Облыс әкімінің тапсырмасымен дайындалған алгоритм бойынша жайылым тапшылығы орын алған 152 елді мекен маңындағы халықтың мұқтажына алынатын учаскелер анықталып, басымдылық берілді. Бұл туралы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте айтылды. Отырыста облыстық жер қатынастары басқармасының ...

Толығырақ »