Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТҚАН

КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТҚАН

Түркістан облысы Төлеби ауданында «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы ауданда жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 149 азамат грант иеленіп, өз кәсібін бастаған, деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Грантты иеленушілердің басым бөлігі мал және құс шаруашылығы, кондитерлік, қызмет көрсету салалары бойынша істерін жүргізуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін грантты көпбалалы отбасылар, жастар, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік көмек алушылар ала алады.
Жалпы, шағын несиемен қамту бағытында 58 азамат мал шаруашылығы, 3 азамат көлік қызметі үшін қаржылай қолдау қорларынан несие алған. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша «Кәсіпкерлік негіздеріне» карантинге байланысты жоспарлы онлайн оқытуға басымдық берілді. Нақтырақ айтсақ, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету палатасында» 650-ге жуық азамат оқуын аяқтаған.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу