Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ОРДАБАСЫ ОҚИҒАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОРДАБАСЫ ОҚИҒАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістандық полицейлер Ордабасы оқиғасымен танысты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысы Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жас мамандары Темірлан елді мекеніндегі «Қажымұқан» музейі мен “Данқ” мемориалында болды. Әрбір жәдіргермен танысқан полиция қызметкерлеріне тарихи тұлғалар туралы кең мәліметтер берілді.
Биыл елімізде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы тойланады. Республикамыздың барлық өңірінде балуанның мерейтойына орай түрлі ісшаралар өткізу басталып та кетті.
 “Ордабасы биігінде 1726 жылы Орда тігіліп, жоңғар басқыншылығына қарсы қол жиналған. Бұл жиын қиын жағдайда, халықтың рухын көтеріп, ұлттық намыстың отын жаққан аса маңызды оқиға болып саналады”, — деді мұражай қызметкерлері.
Қазақ даласында орын алған тарихи оқиғалармен танысқан жас мамандар игі шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Жас мамандарды тәрбиелеу мақсатында өткізілген мұндай жиындар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Жалпы  мұндай бастамалардың ата-бабамыздың мұрасын жаңғыртып, соның негізінде жастарды тәрбиелеуге тигізер әсері мол.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу