Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында үш ауысымды мектептердің мәселесін болдырмау мақсатында өткен жылы 5 мектептің құрылысы басталған болатын. Бұл құрылыс нысандары 2021 жылға өтпелі. Мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары былтыр екі мектепте жүргізілген болса, биыл екі мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Одан бөлек, былтыр жаңадан 4 мектеп салу үшін ЖСҚ-ы әзірленген болса, биыл тағы 2 жаңа мектептің құжаттары әзірленетін ...
Толығырақ »Облыс жаңалықтары
ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалында болып, жеке және заңды тұлғалардың түйткілді мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Мирас Асқарбайұлы қала және ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарына құлақ түріп, азаматтардың талап-тілектерінің жедел шешілу жолдарын қарастырды. Арыз-шағымын арқалап келген Кентаулық тұрғындардың басым көпшілігі өздерін алаңдатқан тұрғын-үй, жер, ...
Толығырақ »ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АРЫС ҚАЛАСЫНДА
Түркістан облысы әкімі аппараты, Әдеп жөніндегі уәкілі Исаев Мақсат Шамансұрұлы Арыс қаласына жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында Мақсат Шамансұрұлы мемлекеттік қызметкерлермен Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру және оны бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын өткізді. Санитарлық нормаларды сақтай отырып өткен жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, қала мен ауылдық округ аппаратының қызметкерлері, барлық мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Жиында қала әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі ...
Толығырақ »АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ АЗАЙҒАН
Түркістан облысында өткен жылы 61 186 сәби туылған. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға көп. Яғни 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 29,72-ні құрады. Былтыр өңірде 13 463 отбасы неке құрса, оның ішінде 9 316 неке — ауылдық жерлерде, 4 147 неке — қалаларда тіркелген. Сонымен қатар, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы облыстағы ажырасу көрсеткіші 67,1 пайызға азайды. Бүгін ...
Толығырақ »ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУҒА НИЕТТІ АЗАМАТТАР НАЗАРЫНА!
Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы шаһарға басқа өлкелерден көшіп келгендер, жаңа орталықта тұрғылықты қалуға ниетті азаматтар саны артты. Қазіргі таңда құрылысы қайнаған қаланың тұрғындар саны артып, тұрғын үйлер қатары көбеюде. Қаланың бас жоспарына сәйкес, осындай мақсатта салынып жатқан тұрғын үйлердің қабырғасын қалауында бірқатар ескерілуі қажет тәртіптер бар. Атап айтқанда, ҚР ЕЖ 3.01-102-2012 7 жағдайын қамтамасыз етуді ескере отырып, құрылыс салушы ...
Толығырақ »ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕНІҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА
Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Осыған орай, ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының білім бөліміне қарасты мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында пәндік олимпиаданың екінші күні өтті. Білім бәсекесі сарапқа түскен шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ...
Толығырақ »САНА ТҮЗЕЛМЕЙ, СЫБАЙЛАСТЫҚ СЕЙІЛМЕЙДІ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев қоғамда жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында облысқа қарасты Түлкібас және Отырар ауданында үгіт-насихат жұмыстарын кездесті. Ағартушылық бағытта өрбіген келелі шараның негізгі мақсаты — парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық ...
Толығырақ »ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері студенттердің өмір сапасын жақсарту үшін жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жатақханаларына тұрақты негізде мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Мониторинг жұмыстары Түркістан қаласында орналасқан Түркістан көпсалалы индустриялды- техникалық колледжінің және Түркістан жоғары медицина колледжінің, ...
Толығырақ »ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРАДЫ
Биыл Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің 5 елді мекеніндегі электр желілері жаңартылатын болады. Бұл жұмыстарға 70-ке жуық азамат жұмыспен қамтылады. Олардың зейнет жарнасын төлеу мердігер мекемелерге міндеттеліп, әкімдік бақылауында болады. Түркістан облысы, Келес ауданында былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 100-ге жуық азамат жұмысқа орналасты. Бағдарлама төрт бағытты қамтиды. Жұмысқа орналасқан азаматтар көбіне құрылыс саласында еңбек етеді. Әлеуметтік-мәдени ...
Толығырақ »ЖЕТІСАЙДА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Көктем – күллі табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңарып түлейтін, Жер ана бусанып, көк шығатын ерекше мезгіл. Тіршілік атаулыға жан бітіріп, жаңа өмірдің бастауы іспетті осы бір сәтті ерекше күтетін халық күннің көзі көрінісімен-ақ шаруашылық жұмыстарын бастап кетеді. Бірі жерін баптап, егін сепсе, енді бірі көшет егіп, тазалық жұмыстарына кіріседі. Осы орайда, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Қанайұлы бастама көтеріп, көктемі ерте келетін ...
Толығырақ »ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛДІ
Түркістан облысы, Созақ ауданында өткен жылы 25,5 шақырымды құрайтын аудан елді мекендерінің 20 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 14 шақырымды құрайтын 7 көше жөнделді. 12 шақырым жол жергілікті бюджет есебінен жөнеуден өтті. Атап айтсақ, Шолаққорған ауылының 8 шақырымнан асатын 8 көшесіне асфальт төселген. Созақ ауылының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. ...
Толығырақ »ШИПАЖАЙҒА КЕЛУШІЛЕР САНЫ АРТУДА
Шипалы суымен әлемге танымал Сарыағаш шипажайына келіп ем алушылардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр Сарыағаш ауданына 85 мың турист келген. Ауданға келген туристерге 50-ден астам емдік сауықтыру шипажайлары, балалар шипажайы, балалар сауықтыру лагері, гольф клубы, 21 қонақ үй қызмет көрсетеді. Өткен жылы туризімді дамыту мақсатында жалпы құны 378 млн. теңге болатын төрт нысан іске қосылып, 60-қа жуық жаңа ...
Толығырақ »БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ АЛПЫС ЖАСТА
Биыл Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасына — 60 жыл. Жарты ағасырдан астам уақыт балаларға қызмет көрсетіп келген қарашаңырақтың мерейтойы аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен орайласқан Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының 60 жылдығы Ордабасы ауданында аталып өтті. «Бала руханиятының алтын бесігі» тақырыбындағы апталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қасымбай ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістанда тәртіп түзеліп келеді. Бұған «Түркістан — қауіпсіз қала» жобасының тигізер пайдасы мол. 1 қаңтардан бастап рухани шаһарда «Түркістан — қауіпсіз қала» жедел – профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсат – айыппұл салу емес, қауіпсіздікті жандандыру. Түкрістан қаласында көлік қозғалысы мен аулалардағы қауіпсіздікті бақылайтын 50 –ге жуық «ақылды» бейнекамералар орнатылған. Жақын уақытта олардың санын көбейту көзделген. Түркістан қаласы Полиция басқарманың қызметкерлері ...
Толығырақ »ШАРУАЛАР ЕГІСТІК АЛҚАБЫН КЕҢЕТПЕК
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында жасалған үш жақтама келісім бойынша бекітілген 26 көрсеткіштің 24-і орындалған. Ауданда былтыр өндірілген өнімдердің жалпы көлемі 86 млрд. теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен орындалуы 92 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде қарқынды жеміс бауы 100 га, жүзім бауы 110 гектарға артты. Сондай-ақ ауданда 40 бірлік шағын мал бордақылау алаңы, 9 бірлік жанұялық сүт ...
Толығырақ »ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ
Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен кәусар сезім мен тояттамас көңіл, буырқанған шабыт пен сағыныш сыйлаған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұздама, жылы жүрегім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Ақиық ақынның туған күніне орай өткен шарада жастар Мұқағали жырынан шашу шашып, лирикалық әндерін тарту етті. Бұдан бөлек сыршыл поэзиясымен мәңгі есте қалатын ақынның өлеңдерін жатқа оқып, облысымыздың атын республика ...
Толығырақ »ПАНДУС МӘСЕЛЕСІ НЕГЕ ШЕШІЛМЕЙ КЕЛЕДІ?
Бүгін Түркістан өңірінде «Қолжетімді Қазақстан» жобасы шеңберінде облыс аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін елді мекендерде «кедергісіз орта» құруды қамтамасыз ету бағытында мақсатты жиын және қоғамдық бақылау жұмыстары өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары М.Қарғабай, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Қолжетімді Қазақстан» жобасының жетекшісі Г.Тәжібаева, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар ...
Толығырақ »БАҒАНЫҢ НЕГІЗСІЗ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Тұрғын үй және құрылыс материалдарының қымбаттауына жол берілмейді. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша «Тұрғын үй нарығындағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу» туралы Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы жиналыс өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдар, құрылыс материалдарын өндірушілер, құрылыс компанияларының басшылары бас қосты. Жиналыста ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: КӨНЕ МЕН КЕЛЕШЕК КӨПІРІ
«Әр елдің, егер ол өз тарихын, өз мәдениетін, өз намысын бағалай білетін ел болса, сол елдің пір тұтатын бір мекені болады. Ол мекен – біздің рухани алып Түркістан», – деп Шерхан Мұртаза айтқандай, бүгінде Түркістан түлеп, көне шаhар ажарланып келеді. Осы орайда, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы Мәдениет үйінде «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» атты облыстық өнер ...
Толығырақ »ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияға қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау 2021 жылдың 1 ақпанында басталды. 1-8 ақпан аралығында Түркістан облысында 840-қа жуық медицина қызметкері Covid-19-ға қарсы екпе салдырды. Соңғы бір тәулік ішінде Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,16% төңірегінде. Пандемия басталғалы бері өңірде 4176 жағдайы тіркелді. Оның 2682-сі симптомсыз болып, 1 671-і стационарлық ем ...
Толығырақ »ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ БОЙ КӨТЕРМЕК
Биылғы басталған жыл түлкібастықтар үшін қуанышты әрі берекелді болмақ. Олай дейтініміз, аудан тұрғындарының қуаныштарына орай, Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында биыл екі жаңа мектеп бой көтереді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Түлкібас ауданының орталығында салынатан білім ұясы 300 (үш жүз) орынға лайықталған. Сондай-ақ, Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылынан 150 (жүз елу) орындық жаңа ...
Толығырақ »КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Түркістан облысы қылмыс деңгейі ең төмен аймақ болып саналады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков облыстық аппарат мәжілісінде мәлімдеді. Түркістан облысы криминогендік жағдай тұрақты және қылмысы ең төмен аймақ болып саналады. Республика көлемінде 10 мың адамға шаққандағы орташа қылмыс көлемі 83 болса, Түркістан облысында бұл көрсеткіш үш есе аз, яғни 28-ді құрайды. Бұл ел көлеміндегі ең ...
Толығырақ »ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
«KEGOC» АҚ филиалы «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» мекемесiне қатысты тексеру жүргізілді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі — Департамент) ағымдағы жылдың 04 қаңтары мен 05 қаңтары аралығында «KEGOC» АҚ филиалы «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» мекемесiнде (бұдан әрі — Мекеме) 2021 жылдың 22 қаңтарында, ҚС 500кВ «Шымкент» ӘЖ-5169 ...
Толығырақ »АЙДАРБЕК ТОҚТАРБЕК: «СПОРТ ӘЛЕМІНДЕ ЕСІМІМДІ ҚАЛДЫРҒЫМ КЕЛЕДІ»
Түркістанда әлемдік додаларда Қазақ елінің даңқын асқақтатып жүрген спортшылар жетерлік. Солардың бірі — Айдарбек Тоқтарбек. Балуан самбо және қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол 1998 жылы 28-сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2004-2015 жылдары Түркістан қаласындағы №19 жалпы орта мектебінде білім алған. 2015-2019 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Өнер факультетінің «Денешынықтыру және спорт» мамандығын бітірген. Бүгінде «Жергілікті және мемлекеттік ...
Толығырақ »МОЛДАШ КЕМЕЛБЕК: «СӘТТІЛІККЕ ЕМЕС, АЛЛАҒА СЕНЕМІН»
Самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Кемелбек Молдаш өмірде «Сәттілікке емес, Аллаға сенемін» деген пікірде. Бұл өмірлік ұстанымы көкейінде бозкілемге белдесуге шыққанда да жаңғырып тұрады. Себебі, балуан әрбір жеткен жетістігі мен толағай жеңістері ең алдымен Тәңірдің қалауымен болғандығын алға тартты. Ол 2000 жылы 9-сәуірде ОҚО, Қазақстанның 30 жылдығы (қазіргі Ынтымақ) ауылында дүние есігін ашқан. Спорт әлеміне 2009 жылы келген. Бүгінде ...
Толығырақ »