Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙДА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Көктем – күллі табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңарып түлейтін, Жер ана бусанып, көк шығатын ерекше мезгіл. Тіршілік атаулыға жан бітіріп, жаңа өмірдің бастауы іспетті осы бір сәтті ерекше күтетін халық күннің көзі көрінісімен-ақ шаруашылық жұмыстарын бастап кетеді. Бірі жерін баптап, егін сепсе, енді бірі көшет егіп, тазалық жұмыстарына кіріседі. Осы орайда, Жетісай ауданының  әкімі Жамантай Қанайұлы бастама көтеріп, көктемі ерте келетін Жетісай ауданында дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Бүгін аудан басшысы Жетісай қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орталық саябақта атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Тұрғындардың басты демалыс орны саналатын саябақта өткен жылы егілген 3 мыңға тарта көшеттің 2500 данасы көктеген. Биылғы жылы тағы 3 мың түп қарағай, терек, павлония, шырша, қара тал, ағаштары отырғызу жоспарда бар. Отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау ісімен айналысатын «ЖЕТІСАЙ МКК» мекемесінің жұмысымен танысқан Жамантай Қанайұлы істелген жұмыстарға оң бағасын берді. Өз қолымен көшет егіп, саябақ аумағын көгалдандыру жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды және мейлінше егілетін көшеттердің жергілікті тұқымбақтан болуын тапсырды.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу