Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АРЫС ҚАЛАСЫНДА

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АРЫС ҚАЛАСЫНДА

Түркістан облысы әкімі аппараты, Әдеп жөніндегі уәкілі Исаев Мақсат Шамансұрұлы Арыс қаласына жұмыс сапарымен келді.
Іссапар барысында Мақсат Шамансұрұлы мемлекеттік қызметкерлермен Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру және оны бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын өткізді.
Санитарлық нормаларды сақтай отырып өткен жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, қала мен ауылдық округ аппаратының қызметкерлері, барлық мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Жиында қала әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Анашбеков атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілер өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігін және ашықтығын қамтамасыз етіп, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбай, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы тиіс. Олар өзге азаматтармен, ұжымда сөз сөйлеуде сыпайылық пен әдептілікті ұстанып, қай жерде болмасын мемлекеттік қызметші әдеп талаптарын сақтауды естен шығармауы қажеттілігін атап өтті.
Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Исаев Мақсат Шамансұрұлы мемлекеттік қызметшілердің жалпы әдебі жайында, нақтырақ айтсақ, қараша халықпен ортақ тіл табыса білу, азаматтардың мәселесіне ден қоя отырып, оларды шешудің тиімді жолдары жайына тоқталды. Одан бөлек, «мемлекеттік қызметкердің киім үлгісі, өз өзін ұстауы, қоғам алдындағы жауапкершілігі- өзгелер үшін үлгі, айна іспеттес болуы керек» деп баса айтты.
Жиынды қорытындылаған қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев арнайы келіп, мемлекеттік қызметшілерге ақыл-кеңесін берген әдеп жөніндегі уәкілге жиынға қатысушылар атынан алғысын білдірді.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу