Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 93)

Әлеумет

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ЕРКІН ҚЫДЫР

Сақа тілші ретінде Еркін Қыдыр газетте мол тәжірибе жинап, еліміздегі беделді газетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тілшісі болып, аймақ тынысын айшықтады. Қаламы қарымды журналист 1999 жылы Президент сыйлығын иеленді, 2010 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды. Еркін Сағындықұлы 1962 жылдың 1 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. 1979 жылы Шәуілдір орта мектебін бітірген. 1984 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БАТЫРХАН ДӘУРЕНБЕКОВ

Батырхан Қалдарбекұлы  көптеген анимациялық және көркем, деректі фильмдердің режиссері. «Қазақстан аниматорларының ассоциясы» қоғамдық ұйымның төрағасы, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің», жанына құрылған киномамандарының көркемдік кеңестің мүшесі. Оның ішінде, «Қазақ елі», «Қанатты барыс» және «Сапа олимпиадасы», «Қазақстан бренді»,  анимациялық фильмдері үшін 2008 жылы «Ең үздік режиссер-аниматор» дипломымен марапатталған. Сонымен қатар, Батырхан Қалдарбекұлы  –  «Киелі Қазығұрт» қоғамдық қорының және ОҚО журналистер ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: АНАР ЖАППАРҚҰЛОВА

Анар бірнеше республикалық айтыстардың жүлдегері, сондай-ақ, филология саласында ғылыми жұмыстармен айналысып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысының рухани-мәдени саласы мен өнерінің дамуына лайықты үлес қосып жүр. 1977 жылы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Ш.Қалдаяқов атындағы орта мектепті үздік бітірген (1994). Мектеп қабырғасында жүрген уақыттан бастап аудандық, облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысқан. Семей қаласында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған Республикалық оқушылар арасындағы ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ГҮЛНӘР ӘШІРБАЕВА

Гүлнәр Құдайбергенқызы – халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда маңызды саласы – тұрғын үймен қамтамасыз етуді дамыту мен жетілдіру ісінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бар күш-жігерін салып, көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген тәжірибелі маман. Еңбек жолын 1979 жылы Алматы қаласындағы «Южгорсельпроект» мемлекеттік жобалау институтының сантехникалық тобының сызбашы-конструкторы болып бастаған. 1981-1984 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология инстутының студенті, ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ГҮЛМИРА ЛАЗАРҚЫЗЫ

Гүлмира Лазарқызы 19 мамыр 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келді. Мұражайдағы атқарған жемісті еңбегі мен облыстық, республикалық деңгейлеріндегі өткізілген іс-шараларға қосқан үлестері үшін Облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының, кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен және дипломдарымен марапаталған. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырып отырған «Оқу əлеміндегі оқырман ұлт» тақырыбында Астана қаласында өткен халықаралық ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ЕРКІНБЕК ШЫМЫРҚҰЛОВ

Еркінбек Шымырқұлов – актер. Өнер жолында өзіндік соқпағы бар талант кішігірім қойылымдар қоюмен қатар жастарды сахна өнеріне тәрбиелеуде. Актер қимыл іс-еркіндігін шығармашылықтың қайнар көзі санайды, образ сомдауда жан мен тән тұтастығын қашанда берік сақтайды, кейіпкердің ішкі жан дүниесіне еніп адам жүрегінің нәзік қылын шертеді. Ол 15 қараша 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы, Машат ауылында туылды. 1976-1978 жылдары Алматыдаға ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: СЕРІКЖАН СЕЙІТЖАНОВ

Серікжан Сейітжанов – кәсіпкер, меценат, «Standart Cement» цемент зауытының, «Саутс Ойл» мұнай компаниясының иесі, президенті, «Talas Investment Company» натрий цианидін өндіретін республика бойынша жалғыз өнеркәсіптің басшысы, Оңтүстік Қазақстан бойынша ірі құрылыс компаниясында өзінің ғылыми әзірлемесімен жұмыс істейтін басшылардың бірі. Құрылыс комбинатынң директоры бола отырып, Серікжан Сейітжанов диссертациясын қорғады, цементалмастырушы қоспа технологиясын ойлап тауып, өндірісте белсенді түрде қолданды. 70-жылдары Қазақстанда алып ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҚАЖЫМҰҚАН АБЗАЛОВ

Қажымұқан Абзалов 1988 жылы 23 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген. Шаян аулындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте білім алған (1995-2006) . Оны аяқтаған соң, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін өнер кафедрасы «музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдаған (2006 -2010). Жетістіктері: С.Демирель атындағы «Тәуелсіздік көктемі -2010» жас ақындар айтысында ІІІ орын, «Ұшқыр ойлар» Республикалық ақындар айтысында ...

Толығырақ »

35 ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ КӨЛІГІ

Оңтүстік Қазақстан облысында 19 қазан – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күніне орай, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне 35 жаңа өрт сөндіру көлігі тапсырылды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, өрт сөндіру қызметкерлеріне көлік кілтін салтанатты түрде табыстап, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған бірқатар азаматтарды марапаттады. «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер еліміздің қауіпсіздігін, төтенше жағдайларда ...

Толығырақ »

ДІНИ КОНФЕССИЯЛАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

18 қазан – Рухани келісім күні. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі бір топ діни конфессиялардың басшыларымен кездесті. Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Кездесуде сөз алған өңір басшысы мерекенің маңыздылығына тоқталып, облысымыздағы діни конфессиялардың өзара ынтымақ-бірлігі мен қоғамдағы рөлін сөз етті. «1992 жылы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани ...

Толығырақ »

ЖАҢА ӘУЕЖАЙДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ

Шымкентте заманауи үлгіде жаңа әуежай құрылысы басталмақ. Аталған жоба қолданыстағы әуежайдың тиімсіз болуына байланысты қолға алынып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов мәлім етті. Сондай-ақ, жуырда шаһардағы темір жол вокзалының заманауи келбетін анықтап, жолаушылардың техникалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында жаңа эскиздік жобалары әзірленіпті. «Қазіргі қолданыстағы әуежайдың Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде ...

Толығырақ »

«ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ» ПЕН «АРБАТ» ЖОБАСЫ

Шымкент қаласында алдағы жылы жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» жобасы мен ескі қалашық кешені жүзеге асырылатын болады. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов мәлім етті. Бұдан бөлек, облыс әкімінің бастамасымен «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешені маңында үш бидің ескерткіші орнатылып, «Қазығұрт» тарихи-этнографиялық кешені бой көтермек. Басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылдың ...

Толығырақ »

КӨШБАСШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Жас Отан» Жастар қанатының ІV Съезі аясында «Жастар Отанға!» саяси лагеріне арнайы қатысу үшін келген көшбасшы жастармен дөңгелек үстел басында кездесті. Кездесуге республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Д.Сүндетбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғамы министрлігінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары Тұрар Әбуов, Қазақстанның эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас, журналист, тележүргізуші Асхат ...

Толығырақ »

ЭКСПЕРТТІК ПІКІР

ҚСЗИ ОҚО өкілдігінің латынға қатысты эксперттік пікірін білгілеріңіз келсе, назарларыңызға ұсынып отырмыз. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ОҚО өкілдігінің басшысы Орманов Бектай Нұртайұлы былай дейді: «Тіл – бұл ұлттың генетикалық коды, оның таңбалануына байланысты реформаны жүргізу барынша байыптылық пен ұқыптылықты талап етеді. Бұл мәселені ел болып талқыға салу, кәсіби тұрғыда зерделеу, тіл мамандары мен халық арасына салу барлық ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚТАР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ОҚО кәсіподақтар орталығы латын әліпбиіне қатысты кездесу өткізді. Елорданың төріндегі таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісіне пікір айтып қолдап жатқандар көп. Осы орайда Шымкент қаласында ОҚО кәсіподақтар орталығында Ғани Қарабековтің модараторлығымен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар елдің басты қазынасы болған ана тіліміздің латын қаріпіне көшуіне қатысты ойымен бөлісіп, қолдау білдірді. Сонымен қатар, Оңтүстіктегі Үйлестіруші кеңестің төрағасы елімізді өркениетті 30 елдің көшіне ілестіруде ...

Толығырақ »

ЖАСТАР ПІКІРІ

Шымкент қаласында белсенді жастардың кездесу жиыны өтті. Жиынның негізгі тақырыбы жақында Елбасына ұсынылған латын әліпбиінің үлгісі. Латын әліпбиінің жаңа жобасына қатысты қазір жастар арасында да қызу талқылау жүріп жатыр. «Ақиқат» жастар пікір сайыс орталығының төрағасы Жұман Жансерік: «Латын қаріптерімен жазуды қолға алдым, күнделікті дәрістерін Ақордада ұсынылған үлгіде жазып жүрмін. Соңғы нұсқадағы төл таңбаларымызды апострофтармен жазу ыңғайлы деп есептеймін. Және «бір ...

Толығырақ »

СЕГІЗ АЙДА 2382 АНА АЛҚА ТАҚТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында батыр аналар қатары 2382 адамға толықты. Осы жылдың сегіз айында өңірдегі 504 ана «Алтын алқа» тақса, 1878 әйел азаматы «Күміс алқа» иегері атанды. Көп балалы аналардың саны жылдан-жылға артып келетін Оңтүстік өңірінде бүгінгі таңда демографияға үлес қосып жүрген аналардың саны 159729-ға жетіп отыр. Оның ішінде 5618 Батыр ана болса, 23920 ана «Алтын алқа», 34806 әйел «Күміс алқа» ...

Толығырақ »

ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ КЕРЕК!

Облысымызда жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол берілмеуі керек. Осы ретте заңсыздықтарды қадағалауға тиісті жергілікті полиция қызметінің жұмысын ширатуды тапсырамын. Бүгін бұл туралы селекторлық мәжілісте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. «Жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату және келісім шарт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы» облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Иляс Құрамысов баяндама жасады. Басқарма ...

Толығырақ »

КӨПҚАБАТТЫ 364 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда. Бүгін бұл туралы селекторлық мәсіжілісте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы негізгі 5 бағытта жүзеге асырылып жатыр. Оның алғашқысы – ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру жобасымен 96 тұрғын үйдің құрылыс басталған. Ал жеке құрылыс салушылар есебінен 107 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. ...

Толығырақ »

КӨШПЕЛІ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке жұмысын енгізу бойынша еліміздің 3 өңірінде, атап айтқанда Астана қаласы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облысында пилоттық жобаны енгізу аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің арнайы бланкілері әзірленді. Енді Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері өз атынан мемлекеттік ...

Толығырақ »

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН БОЛАДЫ

Футболдан Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы жанкүйерлерін жылдан жылға қуантып келеді. Ол биыл өз тарихында тұңғыш рет ел премьер-лигасында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл, әрине, қуанарлық жайт. Қазақстан Премьер-лигасының 30-турында «Ордабасы» өз тарихында бірінші рет қола жүлдегер атанып, келер жылы Еуропа лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Ал Чемпиондар лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін ел біріншілігінің алтын жүлдесі кімге бұйыратыны әлі белгісіз ...

Толығырақ »

КОРЕЙЛЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕР АУДАРЫЛҒАНЫНА – 80 ЖЫЛ

Оңтүстік Қазақстан облыстық корей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында корей этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті.  Бұл мереке корей этносының Қазақстанға күштеп қоныстандырылғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Мерекелік іс-шараның ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков облыс әкімі, ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрғасы Жансейіт Түймебаевтың салтанатты жиынға қатысушыларға арналған құттықтауын оқып берді.  Онда ...

Толығырақ »

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін бәріміз терең түсіндік. Ендігі мәселе «қалай көшеміз?» – деген сауал төңірегінде болмақ. Бұл ретте ұстаздарға жүктелер жүктің салмағы басым екені даусыз. Қозғалған мәселе төңірегінде ой бөліскен филология ғылымдарының кандидаты Ақжол Қалшабек былай дейді: Көпшілік бүкіл халық болып қолдаған мәселе принцип: 1 дыбыс 1 әріп деген мәселе орын алған сияқты. Ол өте дұрыс деп ойлаймыз. ...

Толығырақ »

ЗАМАН ТАЛАБЫ

Ұстаздар латын әліпбиіне көшу жайын талқылады. Бүгінгі таңда жұртшылықтың көкейіндегі маңызды бір мәселе ол – латын алфавитіне көшу. Жалпы латын әліпбиіне көшкен кезде қандай қиыншылықтарға кездесеміз? Ол қиыншылықтарды жеңу жолдары қандай? Облысымыздың ұстаздары осы мәселеге қатысты арнайы семинар өткізді. Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін бәріміз терең түсіндік. Ендігі мәселе «қалай көшеміз?» – деген сауал төңірегінде болмақ. Бұл ретте ...

Толығырақ »

5 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСҚАН МАРАФОН

Шымкент қаласында дәстүрлі жалпы қалалық «13 аймақ» – Бірге болсақ, бәрі мүмкін!» атты жүгіру марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насхаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев пен «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық бөлімшесінің төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, сондай ақ әкімдік қызметкерлері мен кәсіпқой спортшылар және қала тұрғындары жалпы ...

Толығырақ »