Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » АРЫСТА ЕКІ ФЕЛЬДШЕРЛІК БЕКЕТ ПЕН ҚОНАҚ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АРЫСТА ЕКІ ФЕЛЬДШЕРЛІК БЕКЕТ ПЕН ҚОНАҚ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Арыс қаласындағы Саналы және Шағыр елді мекендерінде облыстық бюджет есебінен фельдшерлік амбулаториялық бекет қолданысқа берілді.

Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Болатұлы денсаулық сақтау нысандары елді мекен тұрғындарына алғашқы медициналық қызмет көрсету мақсатында ел игілігіне пайдалануға беріліп жатқанын атап өтті.

«Мемлекеттің басты байлығы – халық. Ал халықтың басты байлығы – денсаулығы. Бұл үшін әр елдімекенді ауруханамен қамтамасыз ету бағытында жұмыс атақаруымыз тиіс!», – деген қала әкімі М.Қадырбек барша тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Медициналық нысанда фельдшердік кабинет, екпе бөлмесі мен акушерлік кабинет орналасқан. Кабинеттердің бәрі де толықтай заманауи жаңа үлгідегі аппараттармен жабдықталып, білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір. Енді мұнда күнделікті денсаулығына шағымданған жандарға кез-келген көмек көрсетілетін болады.

Бұдан бөлек, осы күні Арыс қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер М.Ержігітовтың бастамасымен жаңадан бой көтерген заманауи «MADANI» қонақ үй кешені ашылды.

Бұл нысанның ашылуымен жаңадан жұмыс орындары құрылып, қаланың туристiк әлеуетi арта түспек. Жаңадан ашылған екі қабатты ғимаратта заман талабына сай жасақталған қонақ бөлмелер, асхана, автокөлік жуу, автокөлік жөндеу цехтары орналасқан.

Өз тілшімізден

Пікір жазу