Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 93)

Шымкент

Шымкент қаласы бойынша қалалық фронт-кеңсесі жұмыс жасайды

Шымкент қаласында 4000-нан астам белсенді еріктілер жұмыс жасайды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Керімбай Қаламқас Мұратқызы мәлімдеді. Шымкент қаласы бойынша қалалық фронт-кеңсесі жұмыс жасайды. Қаладағы 10-нан астам волонтерлік ұйымдармен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 30-ға жуық волонтерлік топтармен тығыз жұмыс атқарады. Оларда тұрақты түрде 4000-нан астам белсенді еріктілер жұмыс жасайды. ...

Толығырақ »

Білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізілді

Шымкент қалалық мәслихатының жуырда өткен кезекті жиырмасыншы сессиясында шаһардағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Шымкент қалалық әкімдігі білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиеваның айтуынша, Шымкент қаласында жаңа мектептерді салумен қатар, ескі ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізіп, оларды заман талабына сай қайта жабдықтауға да баса назар аударылып отыр. Бір жағынан бұл оқушыларға жаңа, жарық, зәулім ғимаратта оқуға жол ...

Толығырақ »

Шаһарда 244 мыңға жуық бала білім алуда

1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне де санаулы күндер қалды. Күздің алғашқы күнінде балалар алтын ұя мектебімен қайта қауышып, білім нәрімен сусындауға кіріседі. Көңілі алып ұшып, зор үміт және мол қуанышпен  мектеп табалдырығынан аттаған шәкірттің алаңсыз оқуына жағдай жасау – мектеп әкімшілігі мен ата-ананың ғана емес, жергілікті биліктің де алдында тұрған мемлекеттік маңызы бар міндет. Осыған орай, Шымкент қалалық мәслихатының ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының əкімі Досбол Есілбек «Елтай» тұрғын алабын аралап, тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz. Кездесу барысында туындаған жәйттер мекенжай басында талқыланып, әсіресе тұрғындар көтерген су мәселесінің шешу жолдары айтылды. Атап айтсақ, алпыстан астам тұрғын үйлерге беріліп отырған судың қысымы өте аз. Оған жекеменшік есебінен тартылған құбырдың су жеткізу қуаттылығы төмендігі себеп болып отыр. Осы олқылықтардың орнын толтыру ...

Толығырақ »

TOLEM АРҚЫЛЫ ТЕГІН ТАМАҚТАНАДЫ

Мектепте оқушылардың тегін тамақтануы енді Tolem жүйесі арқылы іске асырылады. Ол үшін ата-аналар 1 қыркүйекке дейін оқушыларына картаны рәсімдеп үлгеруі тиіс. Жаңа жүйе жаңа оқу жылында асханалары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейтін 54 мектепте қолданыла бастайды деп күтілуде. Қолдарында Tolem картасы бар 1-4 сынып оқушылары мен жоғарғы сыныптардағы тиісті санатқа жататын оқушылар тегін тамақтанады. Осылайша қоғамдық көліктерде қатынау үшін қолданылатын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ҚЫЗЫЛСУ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің, Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» кәсіби медиаторы Қызылсу тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz. Күн тәртібінде қоғамдық келісімді сақтау, медиация саласындағы келісімге келу, құқықтық тәрбие мен жастар арасында әскери міндеттілікті өтеу сынды мәселелер сөз болды. Еркін форматта өткен жүздесуде жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатқа ...

Толығырақ »

Қала тұрғындарына арналған кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтық қоғамды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға тарту жөніндегі жұмысты күшейтті. Осыған орай, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және қоғам өкілдерімен бірлесіп, Шымкент қаласы бойынша филиалының Әл-Фараби ...

Толығырақ »

Шымкентте жыл басынан бері 3 мыңға жуық жұп отбасын құрған

Шымкент қаласында жыл басынан бері 2946 мың жұп отбасын құрған, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында 2020 жылы 6776, өткен жылы жалпы 7880 азамат отбасын құрса, жыл басынан бері 2946 мың жұп отбасын құрған. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және ...

Толығырақ »

Шымкент: 6 ай ішінде 3 мыңға жуық дәрігер біліктілігін арттырған

Шымкент қаласында алты ай ішінде 2938 медициналық қызметкерлер шет елде және республикалық орталықтарында біліктілігін арттырған, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Арнайы оқытудан өткен медицина мамандары арасынан қалада алғаш рет балаларға кеңес беру үшін он педиатриялық мобильді бригада құрылды. Бұл мобильді топ дәрігерлері тәуекел тобындағы балаларды уақтылы анықтау, оларды стационарлық емдеуге жіберу жұмыстарымен айналысады. Қалалық ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНДЕГІ ЖЕРДІ ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗДІ

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында пайда болған заңсыз ағаш базары жабылып, көшіріледі. Сауда орнына кезекті рет келіп, ескерту жасаған арнайы топ осылай деп мәлімдеді. Төлеметов көшесінің бойындағы сауда орнында құрылыс материалдары сатылып келген. Жалпы аумағы 1 гектарды құрайды. Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов бастаған топта тиісті басқармалардың өкілдері мен полицейлер болды. Жеке кәсіпкерлерге бұл сауданың заңсыз екені түсіндіріліп, тиісті рұқсаты ...

Толығырақ »

АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков ана мен бала денсаулығын қорғау саласына тоқталып өтті. – 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында 15 325 бала дүниге келді. Оның ішінде егіздер — 194, үшемдер — 1. Өткен жылмен салыстырғанда, егіздердің тууының 18 жағдайға өсуі байқалды (10,2%). Балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында Қалалық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ҚЫЗМЕТІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Шымкентте қазіргі уақытта жалпы 9 медициналық ұйымда қалпына келтіру және оңалту емі жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар, медицина саласындағы оң өзгерістер мен қаладағы эпидемиологиялық ахуал төңірегінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. – Қаламызда балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Қазіргі уақытта ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «ӘДІЛДІКТІ ТАЛАП ЕТ!» АТТЫ АУҚЫМДЫ НАУҚАН БАСТАЛДЫ

«Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесіп 2022 жылдың 15 тамызда республика бойынша «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды науқанын бастады. Бұл жобаға Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д.Қожабаев және «Әділік жолы» РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының жетекшісі А.Кесебаева «Әділдікті ...

Толығырақ »

Шымкентте 500-ге жуық адам «қандас» мәртебесін алды

2022 жылғы маусымындағы жағдай бойынша Шымкент қаласында 450 адам, 331 отбасы «қандас» мәртебесін алды, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегінше, 6 айға қандас мәртебесін ұзартқандар саны 65 отбасынан 75 адамды құрайды. Қандас мәртебесін алған 450 адамның ішінде – 224 ер адам және ...

Толығырақ »

За семь месяцев шымкентцы получили 112 тысяч удостоверений и паспортов

В шымкентском филиале «Правительства для граждан» рассказали, как получить паспорт и удостоверение личности в ЦОНе максимально комфортно и быстро. Также напомнили, что есть льготная категория клиентов, которые освобождаются от уплаты госпошлины. За семь месяцев 2022 года шымкентцам было выдано 112 565 удостоверений личности и паспортов. Получение паспорта Услуги получения паспорта и удостоверения личности пока недоступны онлайн. За оформлением этих документов ...

Толығырақ »

ТҰРАН: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4 ОЙЫН КЕШЕНІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Өткен оқу жылында Тұран шағынауданында №79 жалпы орта мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Балалар 1200 орындық білім ордасында екі ауысыммен оқиды. Бұл мектеп типтік негізде салынған, ашық спорт алаңшасы бар. Ал, бөбекжайлар мен балабақшалар мемлекеттік жан басына қаржыландыру негізінде жекеменешік нысандардың көмегімен жүзеге асырылып отыр. Жаңа шағынаудандағы қуанышты жаңалық жаңа білім ұясы ғана емес екен. Көп қабатты үйлердің ауласына бүлдіршіндерге ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «BARCAMP–2022» ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛДЫ

Азаматтық қоғамның дамуына арналған халықаралық «BARCAMP–2022» іс-шарасы үшінші мегаполистен басталып, күнгейдің табиғат аясында жалғасады. Алғаш рет қызықты форматта қолға алынып отырған 3 күндік іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен бөлек көрші Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінен үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік орган делегаттары мен қоғам белсенділері қатысуда. Шымкенттегі «Азаматтық ресурстық орталық» алаңында еліміздің әр өңірінен келген және шетелдік үкіметтік ұйым өкілдері бас қосып, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: АЙНАТАС ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ 9 КӨШЕСІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

Шымкент қаласы Айнатас тұрғын алабының 9 көшесіне асфальт төселуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жол құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында бекітілген жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелерімен қатар, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелер басты назарға алынады. Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабының Бесқұлан, Сарыөзен, Желді, Ақшығанақ, Құмтөкей, Көкорда , Шоқтас, Озыген, Бестерек көшелеріне асфальт төсеу ...

Толығырақ »

«ШЫМКЕНТ СИТИ» — МЕГАПОЛИСТІҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ЖОБА

Республикалық мәртебеге ие болып, заманауи мегаполис саналатын Шымкент қаласы бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналғандай. Аспанмен таласқан зәулім ғимараттар, жанға жайлы саябақтар мен демалыс орындары, әлеуметтік және мәдени нысандардың көбейгенін көріп көз қуанады. Оған қоса қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жетекшілігімен инженерлік-коммуникациялық желілер мен көлік инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, қала аумағын абаттандыру мен көгалдандыру, тұрғындарды бұқаралық спортқа баулу, жалпы, халықтың әл-ауқаты ...

Толығырақ »

«Шымкент цирк» топ жарды

«Азия жаңғырығы» XIII халықаралық цирк өнері фестивалінде «Шымкент цирк» мемлекеттік мекемесінің «Тұран» командасы алтын медаль жеңіп алды. 10-14 тамыз аралығында «Астаналық циркте» өткен фестивальге Қазақстанның үш қаласы мен әлемнің 12 елінен өнерпаздар қатысты. Қ.Дүйсеқұлов бастаған шабандоздар тобы қазақтың сайын даласының келбетін, жел жетпес тұлпардың шабысын, ұлттың тот баспас намысын цирк тілімен кестелеп, көрермендер мен мәртебелі қазылар алдына ұлттық бояуы қанық, ...

Толығырақ »

ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» мақсатында біліктілікті (дағдыларды), кәсіптік оқытуға жолданатын жұмыссыздардың санын, оқыту ұзақтығы, жұмыс берушілердің сұратуы негізінде мамандықтар тізбесі мен адам санын бекіту жөнінде комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. ...

Толығырақ »

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІ 100 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстары туралы баспасөз брифингін берді. «Бүгінде Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, тұрғындардың ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ды, электр жарығымен 96,5%-ды, табиғи газбен-99,5%, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 87% құрап отыр. Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланып, бүгінде аяқталу барысында. Аудандағы 404 көшенің қазіргі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Шымкентте қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Алаштың арда ұлы – А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында «Салт-дәстүрдің саңлағы һәм ұлт ұстазы» атты жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жыр додасына Шымкент қаласы мен Түркістан облысы және Нұр-Сұлтан қаласынан келген 10 айтыскер ақын қатысты. Ақындардың өнеріне ҚР Мәдениет қайраткері Бекарыс Шойбеков, ақын, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы және ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: АСАР-2 ЕЛДІ МЕКЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Шымкент қаласы Асар-2 елді мекені инфрақұрылыммен қамтылуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкенттегі Асар-2 елді мекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешімін тапты. Алайда, шағынауданда инфрақұрылым жобаларына енбеген мыңға жуық тұрғын үй бар. Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Қазіргі уақытта ішкі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ҚОЛҒА АЛДЫ

Шымкенттік дәрігерлер қайырымдылық шарасын қолға алды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қалалық №1 клиникалық аурухана хирургтары балаларды тегін сүндеттеуде. Екі күнге жалғасатын игі шара барысында дәрігерлер жалпы 100 балаға осындай тегін операция жасауды жоспарлап отыр. Алғашқы күннің өзінде келген тұрғындардың қарасы қалың болды. Себебі, тегін сүндеттеу – әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған жанұялар үшін едәуір көмек. «Оташы мамандар жасаған сүндет балаларға ...

Толығырақ »