Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «ЗЕРДЕ-КЕРЕМИКА» ЗАУЫТЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ЗЕРДЕ-КЕРЕМИКА» ЗАУЫТЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстандағы керамогранит өндіретін жалғыз кәсіпорын — Шымкенттегі «Зерде керамика» зауытының ұжымымен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов кездесті.
Керамикалық тақтайшалар шығарылатын өндіріс ошағы 2015 жылы іске қосылған. Бүгінде кәсіпорында 160 адам еңбек етеді. Өнім қуаттылығы жылына 2 млн. шаршы метрді құрайды.
Жиында Жарқынбек Құрманбек сөз сөйлеп, биыл Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялағанын айтып, қатысушыларға өндірістегі жазатайым оқиғалардың жағдайын, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту негіздерін, сондай-ақ, еңбек жағдайын жақсарту жөнінде түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік мемлекетке 15 қадамды қамтитын «Кәсіподақтар – әділеттілік үшін!» сайлауалды тұғырнамасының негізгі басымдықтарымен таныстырды.
Кездесуде өз кезегінде сөз алған Бауыржан Қалжанов еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәсіби аурушаңдықтан сақтау, қауіпті еңбек жағдайларын алдын алу жолдарына тоқталды. Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес, әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес, санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені айтылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді. Жиын соңында ұжым қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оларға тиісті жауаптар берілді.

Пікір жазу