Түркістан облысы қылмыс деңгейі ең төмен аймақ болып саналады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков облыстық аппарат мәжілісінде мәлімдеді. Түркістан облысы криминогендік жағдай тұрақты және қылмысы ең төмен аймақ болып саналады. Республика көлемінде 10 мың адамға шаққандағы орташа қылмыс көлемі 83 болса, Түркістан облысында бұл көрсеткіш үш есе аз, яғни 28-ді құрайды. Бұл ел көлеміндегі ең ...
Толығырақ »ОҚО жаңалықтары
ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТУДА
Түркістан облысы Сайрам ауданында 2020 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 158,6 млрд теңгеге жеткен. Тиісінше 2019 жылғымен салыстырғанда өсім 5,8%-ды құрап отыр. Өңірлік өнімінің — 57%-ы ауылшаруашылық саласына тиесілі. Ауданда өнеркәсіп өнімі 8,4%-ға артса, ауылшаруашылық өнімі 6,2%-ға өскен. Сонымен қатар, өткен жылы ауданда өнеркәсіп саласында 30 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, облыс көлемінде үлес бойынша 4 орынды иемденген. Сондай-ақ, аймаққа 2,3 ...
Толығырақ »ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА ЖҰМА НАМАЗЫ ОҚЫЛА БАСТАЙДЫ
Түркістан облысында шалғай ауылдардағы мешіттерде бұдан былай жамағат болып жұма намазын оқуға болады. Тек сақтық шаралары мен арақашықтық ескеріліп, сыйымдылығы 100 адамнан аспайтын мешіттердің іші 25-30 пайыз ғана толуы шарт. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов мәлімдеді. Ең маңыздысы, намаз оқитын ғимаратты залалсыздандыру іс-шараларын жүргізу қажет. Сондай-ақ, парыз намазының өтелуінен кейін көп ұзамай мешітті ...
Толығырақ »«ТҮРКІСТАН – АРЕНА» ТАЛАПҚА САЙ МА?
Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстанның кəсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев Түркістан қаласына маңызды сапармен келіп, «Түркістан-арена» стадионын UEFA-ның халықаралық талаптарына сай сертификациядан өткізді. Әлемдік деңгейдегі талаптарға сай салынған стадионның футбол алаңына канадалық газон төселген. Арнайы мамандардың қатаң бақылауында. 7 мың орындық стадион қажетті қондырғылармен толық қамтылған. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық ...
Толығырақ »ПАЙЫМДЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу тапсырмасын жүзеге асыру және халықпен кері байланысты нығайту мақсатында облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Амалбек Өміртай мен «Ашық микрофон» алаңында келелі кездесу өткізілді. Еркін форматта өрбіген шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ...
Толығырақ »ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
Түркістан облысында 15 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені негізінде шығарылған «Спутник V» екпесі кезең-кезеңмен егілетін болады. Вакцинациялау науқанының келесі кезеңінде отандық екпені қолдану жоспарлануда. Қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Түркістан облысында 800-ден астам медицина қызметкері COVID-19-ға қарсы екпе салдырды. Өңірде коронавирус індетіне қарсы екпе салу жұмыстары 20 емханада жүргізіліп жатыр. Вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары жеткілікті. Бүгінде ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданында болып, ауданға жаңа әкім тағайындады. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, ротация тәртібімен Төлеби ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Төлеген Тұртайұлы Телғараевтың кандидатурасына аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған Өмірзақ Естайұлы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді. Облыс әкімі ауданның жаңа басшысының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ...
Толығырақ »ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАР АЗАЙДЫ
Бүгінде Түркістан облысы онкоглогиялық аурулар бойынша республикада соңғы 17-орында тұр. Кешенді жоспардың арқасында қатерлі ісіктен өлім-жітім бойынша да республикада 16-орында. Бұл облыстағы онкологтар қауымының ең үлкен жетістігі, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпарат агенттігі. Өткен жылы Түркістан облысы бойынша, сүт безі қатерлі ісігінен 72210 әйел, жатыр мойны ісігінен 67 453 әйел, ал тік ішек қатерлі ісігінен ...
Толығырақ »ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қазығұрт ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Арман Айдарұлы Абдуллаевтың кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау білдірді. Жаңа әкімді аудан активіне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырып, алдағы мақсат — міндеттерін айқындап берді. Қазығұрт ауданындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі Елбасы Н.Назарбаев саясатын жүзеге асырып, Мемлекет басшысы бекіткен тапсырмаларды сапалы орындауды жүктеді. Аймақ басшысы төрт жылдан аса уақыт ...
Толығырақ »ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ДӘРІПТЕУГЕ НИЕТТЕРІН БІЛДІРДІ
Өңір тұрғындары арасында адалдық, әділдік құндылықтарын дәріптеу мақсатында құрылған Түркістан облыстық үгіт-насихат Штабының құрамы бүгін әлем чемпиондарымен толықты. Атап айтсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық үгіт-насихат Штабына мүше ретінде армреслингтен (қол күрестен) әлем чемпиондары құрамға еніп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға жұмыла үлес қосуға ниеттерін білдірді. Бұл туралы Шардара ауданында Түркістан ...
Толығырақ »ҮЗДІК КАРАТЭШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ
Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектеп — интернат — колледжінде бұл күндері карате спортынан кезекті Түркістан облысының чемпионатына іріктеуге арналған жарыс басталды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Жас ерекшеліктері бойынша 12 және 13 жас пен 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер татами төрінде жекпе — жек өткізуде. Сонымен бірге, 16-17 жастағы спортшылар да өзара күш сынасуда. Шара ...
Толығырақ »ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАМЫ ЖАТТЫҒУҒА КІРІСТІ
Жаңадан құралған Түркістан облысының «Тұран» футбол клубының қосалқы құрамы Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп — интернат — колледжінің спорт кешенінде кезекті оқу- жаттығу жиындарына кірісті. Бас бапкер Мадияр Кембиловтың шәкірттері функционалдық дайындықтарын арттыруда. Жергілікті жастарды көптеп іріктеуге шақырған футбол мамандары жас команданың болашағы жарқын болатындықтарына сенімді. Қосалқы құрамаға бапкерлер Түркістан облысының ең талантты жастарын іріктеуден өткізуді жоспарлап отыр. ...
Толығырақ »АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Төлеби ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев аудан әкімдігі қызметкерлері мен және орталық аурухананың мамандары, аудандық мемлекеттік кірістер және полиция басқармасының ұжымы арасында ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Парасаттылық принциптері кең көлемде дәріптелген келелі жиынның негізгі мақсаты- әділдік, ...
Толығырақ »МАҚСАТ — ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарқын болашаққа жол бастайтын ел жастарының қаруы – ұлттық тәрбие, парасатты сана және білім мен жоғары біліктілік. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық штаб төрағасы Е.Тұңғышбаев Жетісай ауданының жастарымен кездесу өткізді, деп жазады департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Жас буынды адал іске үндейтін шараның негізгі ...
Толығырақ »ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС — БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ БОЛУЫ ҚАЖЕТ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бірінші орынбасары Мирас Қарғабай БҰҰ-ң Даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған зерттеу қорытындыларын жеткізді. Бұл ретте, бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықта делдалдардың үлесі 6% — ға өскенін және бұл карантин уақытында түсіндіру жұмыстарының ...
Толығырақ »ЖОЛДАН ТАЙДЫРАТЫН «КӨМЕКШІЛЕРМЕН» КҮРЕСУ ҚАЖЕТ
Ел аумағында жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, мемлекеттік органдарға жүгінген азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа тап болғандарының үлесі 11,3%-ды құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2,1% төмендеген. Мәселені «бейресми жолмен» шешуде қызығушылық білдіргендер — 43,9%, делдалдарға жүгіну — 24,4%-ды құраған. Мұны Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры жүргізген сауалдаманың нәтижесі анықтап берді. Бұл зерттеу жұмысы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған. Бұл ...
Толығырақ »НЕСИЕ КӨЛЕМІ ЕДӘУІР АРТҚАН
Өз кәсібіңізді бастау үшін идея болуы ғана жеткіліксіз. Қаржылай қолдауға ие болуыңыз қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан өңірінде қалай жүзеге асырылуда? Түркістан облысы бойынша несиелер Халық Банкі, Банк ЦентрКредит, Сбербанк банктері арқылы ұсынылуда, небәрі соңғы бір айдың ішінде 200 ден астам несие мақұлданып, 62 кәсіпкер қаржыландырылды. Айта кету керек, мемлекеттік қолдау шараларының кәсіпкерлер үшін қолжетімділігін арттыру, өңірдегі бизнес ахуалды жақсарту ...
Толығырақ »КЕПІЛДІКСІЗ НЕСИЕ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?
Несие алуда кепілдіктің болмауы көп кәсіпкерлерге, әсіресе шағын бизнес иелеріне қолбайлау болуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің шағын бизнес иелері мен жас кәсіпкерлермен танысып, көкейінде жүрген мәселелерді бірлесе талқылады. Ортаға салынған мәселелердің басым бөлігі қолжетімді несиелерді алу аясында болды. Қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс» екендігін ...
Толығырақ »БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ
Биыл Қазақ елінің тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Мерейлі мерейтой қарсаңында ел жетістігін кеңінен насихаттау мақсатында Түркістан облысында жас ақын-жазушылар мен журналистер арасында байқау өтеді. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі комиссия отырысында берген тапсырмаларын орындау, Тәуелсіздіктің қадірі мен қасиетін арттыру, Тәуелсіздік жылдарында ...
Толығырақ »АЗАМАТТАР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан облысында 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 88 160 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, жоспар 94,2% орындалды. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 66,3 мың жұмыс орындары құрылса, оның ішінде 16,2 мыңы — тұрақты, 50,1 мыңы — уақытша жұмыс орны. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева ...
Толығырақ »КЕНТАУДА ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ
Кентау қаласындағы автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы ұзындығы 4,3 шақырым болатын екі көшеде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Қаладағы Алтынсарин және Абылайхан көшелері орташа жөндеуден өтті. Лотоктары мен бордюрлері қойылып, асфальт төселді. Әл-Фараби көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Республикалық бюджет қаржысына Кентау қаласындағы 9 көше орташа жөндеуден өтті. Атап айтқанда, ...
Толығырақ »КЕНТАУ: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Кентау қаласының экономикасына негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 57,2 млрд. теңгеге жетіп, 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өскен. Кентау қаласындағы индустриалды аймақта 10 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның үшеуі жүзеге асып, ашылғалы бері 3,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 100-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Биыл тағы бес жоба іске қосылмақ. Нәтижесінде, 116 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Кентау қаласында қазіргі ...
Толығырақ »ОРДАБАСЫ: ЖАҢА ҮШ БІЛІМ ОРДАСЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында С. Мұқанов атындағы 300 орындық жалпы орта мектептің және Қажымұқан атындағы 200 орындық жалпы орта мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар, жылдар бойы «Орда» мөлтекауданының өзекті мәселесіне айналған инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі таңда «Орда» мөлтекауданынан түсетін 600 орындық мектеп құрылысының жобалау — сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай-ақ, Қарабастау ауылына фельдшерлік ...
Толығырақ »ТЕКТІ ТӨРІМ – ТҮЛКІБАСЫМ!
Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың 2020 жылы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есебі өтті, деп жазады DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлының мәлімдеуінше, ауданның жергілікті кіріс бөлігінің жоспары 2 млрд. 601 млн. 900 мың теңге болса, орындалуы 2 мрд. 777 млн. 700 мың теңге болған. Демек, жоспардан тыс 175 млн. 800 мың теңге немесе 106,8 пайызға орындалған. Тартылған инвестиция көлемі ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА»
Пандемия басталғалы Түркістан облысында 4 мыңға жуық адам короновирустан жазылды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Соңғы бір тәулік ішінде Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 23 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,55% төңірегінде. Жалпы алғанда пандемия басталғалы бері өңірде 4 148 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3900 емделуші айыққан, ал симптомсыз 2898 азамат ...
Толығырақ »