Бүгінде Түркістан облысы онкоглогиялық аурулар бойынша республикада соңғы 17-орында тұр. Кешенді жоспардың арқасында қатерлі ісіктен өлім-жітім бойынша да республикада 16-орында. Бұл облыстағы онкологтар қауымының ең үлкен жетістігі, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпарат агенттігі.
Өткен жылы Түркістан облысы бойынша, сүт безі қатерлі ісігінен 72210 әйел, жатыр мойны ісігінен 67 453 әйел, ал тік ішек қатерлі ісігінен 82 533 адам скринингтен өтті. Скринингпен қамту — 100%. Бірақ, бұл алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мекемелердің орасан зор еңбегінің арқасында жүзеге асты.
Айта кетейік, төртінші ақпан бүкіл дүниежүзілік қатерлі ісікпен күресу күніне орай, Түркістан облысының барлық аудандық ауруханалары мен емханаларында қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Нәтижесінде 360 адамға онколог, маммолог, гинекологтың кеңесі берілді. 152 адамға УДЗ жасалды, ал жиырма бес адамға асқазанға эндоскопиялық тексеру жүргізілді, қырық бес әйелдің жатыр мойнынан жағынды алынды.
@DIDARBEK.KZ