Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 17.07.2024

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКІН САЛУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін жобаның алғашқы кезеңі аяқталған болатын. Бұл қалашық «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына иесілі. Барлық жұмыс ЮНЕСКО талаптарына сай жүргізілуде. Аталған жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сәулет, туризм, мәдениет саласына жауапты басшылар мен осы жобаға қызығушылық танытып отырған шетелдік компания өкілдерімен ...

Толығырақ »

«Тазалық табалдырықтан басталады»

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің Сауран, Яссы секторларында өткен тұрғындармен кезекті кездесуінде тазалық мәселесі өзекті болды. Жиынға қатысқан қала тұрғындары шаһардың жайнап-гүлденуіне ризашылығын білдіріп, алғыс айтумен қатар әрбір қала тұрғыны қоқыс қалдықтарын арнайы орындарға тастап, қаламызға жанашырлық таныту керектігін айтты. Сонымен қатар, әкіммен кездесуге тұрғындар инфрақұрылым, ойын алаңшалары, атаулы әлеуметтік көмек, жер телімі, тұрғын-үй кезегі және тағы да басқа жеке ...

Толығырақ »

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АРҚЫЛЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

Елімізде ісін жаңадан бастап, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін қайтарымсыз гранттар беріледі. Бүгінде дәл осы өтеусіз гранттар халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің біріне айналып отыр. Шымкент қаласында өткен жылы бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 452 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Олардың қатарында – мүгедектігі бар азаматтар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшесі, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар бар. ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСІП, ИНВЕСТ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады. Алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық береміз. Біз ауылдық жерді жұмыспен жаппай қамту үшін жағдай жасаймыз, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдаймыз. Тұрғындарға жер қолжетімді болады. Ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандырамыз» деп Үкіметке жаңа міндеттер жүктегені белгілі. Осы орайда, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев ...

Толығырақ »

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

Ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасып, мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері мен тұрғындар күнделікті тазалық жұмыстарын ұйымдастыруда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл бастаманы өзіндік тарихы қалыптасқан «Созақ үні» газетінің қызметкерлері де қолдап, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға белсене атсалысты. Акцияны қолдауға ниетті екендерін білдіріп,«Бекұлы» сауда орталығы маңын тұрмыстық қалдықтардан ...

Толығырақ »

ШЕБЕР ҰСТАЗ ЖАЗ МАУСЫМЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУДЕ

Ауыл балаларын шығармашылық шеберлікке шыңдап жүрген ұстаз Бахтияр Полатбеков 20 жылдан аса уақыт шәкірттерін біліммен қатар, еңбекке баулып, шығармашылықтың шыңына шығаруда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі жазғы демалыста да ауыл балаларын қолөнер туындыларын жасауға бағыттап, уақыттарын ұтымды пайдалануға үйретіп отыр. Балалардың көз сүріндіретін туындыларынан мектепте көрме де жасақталған: қазақтың ұлы тұлғаларының портреттері, ...

Толығырақ »

СТАДИОН ТҰРҒЫН АУДАНЫ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Стадион тұрғын ауданы табиғи газға қосылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Енді дербес шоттарын әзірлеп, техникалық шарт жасасқан тұрғындар кезең-кезеңімен газ жүйесіне қосыла береді. Бұл күн қала тұрғындары үшін маңызды кезең болып табылады, себебі табиғи газдың қол жетімді болуы өмір сүру сапасын едәуір жақсартары анық. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова және қалалық мәслихат төрағасы ...

Толығырақ »