Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ШЕБЕР ҰСТАЗ ЖАЗ МАУСЫМЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУДЕ

ШЕБЕР ҰСТАЗ ЖАЗ МАУСЫМЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУДЕ

Ауыл балаларын шығармашылық шеберлікке шыңдап жүрген ұстаз Бахтияр Полатбеков 20 жылдан аса уақыт шәкірттерін біліммен қатар, еңбекке баулып, шығармашылықтың шыңына шығаруда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это художественное изображение (1 человек)
Қазіргі жазғы демалыста да ауыл балаларын қолөнер туындыларын жасауға бағыттап, уақыттарын ұтымды пайдалануға үйретіп отыр.
Балалардың көз сүріндіретін туындыларынан мектепте көрме де жасақталған: қазақтың ұлы тұлғаларының портреттері, тарихтағы батырлар мен ауыл тынысын бейнелейтін картиналар, ұлттық аспаптар сынды қолөнер бұйымдарын жасауда.
Возможно, это изображение 1 человек
20 жылдан астам балалардың танымын кеңейтіп, шығармашылығын дамытқан ұстаздың шәкірттері де осал емес. Алды аудандық, облыстық ғылыми-шығармашылық жарыстарда топ жарып жүр. Республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша көрмеге қатысып, аудандық, облыстық кезеңінде жүлделі орынды иемденгендері де бар.
Шығармашыл ұстаз көпшілікке ағаш шебері деген атпен таныс. Ағаштан түйін түйіп, жасаған түрлі бұйымдары мәдени шараларда көпшіліктің назарына көрме ретінде ұсынылады. Енді ұстаздың туындыларының қатарында өз шәкірттерінің өнерлері қатар тұруда. Ауыл мектебінің ұстазы осылайша ұлттық өнер түрін жаңғыртып жүр.
© Didarbek.kz

Пікір жазу