Ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасып, мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері мен тұрғындар күнделікті тазалық жұмыстарын ұйымдастыруда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл бастаманы өзіндік тарихы қалыптасқан «Созақ үні» газетінің қызметкерлері де қолдап, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға белсене атсалысты. Акцияны қолдауға ниетті екендерін білдіріп,«Бекұлы» сауда орталығы маңын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Көше бойындағы арам шөптер мен қураған ағаштарды отап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
© Didarbek.kz