Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2026 » Июль

Месячные архивы: Июль 2026

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ

“Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында Шымкент қаласындағы Арбатта тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беруге бағытталған кезекті «Халық заңгері» акциясы өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастырды. Аталған акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға өз құқықтары мен заң талаптарын түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге практикалық тұрғыда қолдау көрсету. Қала тұрғындары арнайы мамандарға жүгініп, өздерін толғандырған мәселелер бойынша тегін ...

Толығырақ »

Қаланың атмосфералық ауасының жай-күйі тұрақты бақылауда

Шымкент қаласының атмосфералық ауасының жай-күйі тұрақты бақылауда. «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, 2026 жылы Шымкент қаласындағы ауа сапасының ластану деңгейі көтеріңкі деп бағаланған. Қаладағы негізгі ластаушы көздер ретінде өндірістік кәсіпорындар, автокөлік құралдары және жылыту маусымындағы жеке тұрғын үйлердің шығарындылары аталады. Ауа сапасына мониторинг жеті бақылау бекеті арқылы жүргізілуде. Сонымен қатар «ПКОП», «Стандартцемент», «Шымкентцемент» және «3-Энергоорталық» кәсіпорындарында автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйесі енгізіліп, шығарындылар ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАН БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті 2026 жылдың алғашқы алты айында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік экологиялық бақылау жұмыстарын күшейтіп, заң талаптарын бұзған кәсіпорындарға қатысты бірқатар шара қабылдады. Жыл басынан бері департамент 29 тексеру жүргізді. Оның ішінде 15 профилактикалық бақылау, 12 жоспардан тыс тексеру және 2 талаптарға сәйкестігін тексеру ұйымдастырылды. Нәтижесінде 39 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 91,3 миллион теңге көлемінде ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫ ТОЛЫҚ ЖОЙЫЛЫП, ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Шымкент қаласында қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл туралы Экология департаментінің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары барысында мәлім болды. Жыл басынан бері қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және жою бойынша аудан әкімдіктерімен бірлескен мониторингтік және рейдтік іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде төрт ауданнан барлығы 20 заңсыз қоқыс ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙДІ

Шымкент қаласының білім басқармасы 2026–2027 оқу жылына дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және білім сапасын арттыру бағыттарына басымдық беруде. Жаңа оқу жылын сапалы ұйымдастыру мақсатында мектептердің дайындығы, оқушыларды әлеуметтік қолдау, цифрлық технологияларды енгізу және мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙДІ

Шымкент қаласында 2026–2027 оқу жылына дайындық жұмыстары барлық бағыт бойынша жоспарлы түрде жүргізілуде. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, оқушыларды әлеуметтік қолдау, жаңа оқу жылына қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Қаладағы барлық мектептерде бірінші сыныпқа құжат қабылдау 18 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 16 мыңнан астам бала ...

Толығырақ »

БІЛІМ САПАСЫ АРТЫП, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Шымкент қаласында педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылған «Сапалы білім» жобасы аясында 13 мыңнан астам мұғалім қатысқан «Білім беру шебері» байқауы өткізілді. Нәтижесінде үздік шыққан 10 педагогке бір жыл бойы ай сайын 200 мың теңгеге дейін қосымша сыйақы тағайындалды. Балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған қосымша білім беру жүйесінде бүгінде 112 мыңнан астам оқушы түрлі үйірмелермен қамтылған. Сонымен бірге жазғы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ

Шымкент қаласында 2025–2026 оқу жылының қорытындысы шығарылып, жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Қаладағы білім беру саласында білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, педагогтердің кәсіби әлеуетін көтеру және цифрландыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылды. Өткен оқу жылында қаладағы 1 388 білім беру ұйымында 405 мыңнан астам бала білім алды. Оның ішінде 658 мектепке дейінгі ұйым мен 291 жалпы ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТӘУЛІГІНЕ 1000 ТОННА ҚАЛДЫҚ ӨҢДЕЙТІН КЕШЕН САЛЫНАДЫ

Шымкентте экология мен энергетика саласы үшін маңызды жобалардың бірі жүзеге аса бастады. Қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды термиялық әдіспен өңдеп, электр энергиясын өндіретін заманауи кешеннің құрылысына ресми түрде старт берілді. Осыған орай болашақ нысанның іргетасына капсула салу рәсімі өтіп, оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен қазақстандық-қытайлық Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd компаниясының басшылығы қатысты. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МҰҚТАЖДЫҚҚА ЖЕР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасы жер ресурстарын тиімді басқару, бюджет кірістерін ұлғайту және мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. 2026 жылы жер учаскелерін сату, жалға беру және жалға алу құқығын сату нәтижесінде қалалық бюджетке жоспардан жоғары көлемде түсім қамтамасыз етілді. Аукцион арқылы жер учаскелерін өткізу тетігі тиімді қолданылып, бюджет кірісін арттыруға елеулі үлес қосты. Қала ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасы 2026 жылдың бекітілген жоспарлары мен индикаторларына сәйкес жер қатынастары саласында кешенді жұмыстарды жүзеге асыруда. Басқарма қызметі мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, жер ресурстарын тиімді басқаруға және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Басқармада бекітілген штаттық құрылымға сәйкес мемлекеттік қызметкерлер өз міндеттерін атқаруда. Сонымен қатар, жобалық кеңсе аясында жоспарланған бюджет пен I-komek индикаторлары бойынша жұмыстар белгіленген жоспарға ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте қатты тұрмыстық қалдықты термиялық түрде өңдеп, электр энергиясын өндіретін заманауи кешеннің құрылысы басталатын жерде капсула салу рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd компаниясының басшылығы қатысты. Ауқымды инвестициялық жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалдықты басқару жүйесін жетілдіру, экологиялық инфрақұрылымды дамыту және қалдықты қайта өңдеудің заманауи технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге ...

Толығырақ »

КӘСІПОРЫНДАР НАЗАРЫНА! КӘРІЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛУ ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Шымкент қалалық кәріз желісіне қауіп төніп тұр: 69 кәсіпорын су бұру қызметінен айрылуы мүмкін. «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС кәсіпорындарға өндірістік ағынды суды жүйеге ағызу кезінде техникалық шарттар мен нормативтік талаптарды сақтау қажеттігі туралы хабарламалар жолдауда. Бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, бірқатар кәсіпорын техникалық құжаттамаларын өзектендірмеген және өндірістік ағынды судың сапасын бақылауды қамтамасыз етпеген. Бұл не үшін маңызды? Өндірістік ағынды ...

Толығырақ »

ҚОС НҰРЕКЕМ – ТҮРКІСТАНҒА ДОС НҰРЕКЕМ!..

І. Йасы, Шауғар аттарымен көнеден бері танылып келген Ер Түріктің бесігі – Түркістанымыз біраздан бері жаңадан түлеп, түрленіп, тұрғындарының тебіренісін тудырып келе жатқан рухани астанамызға айналды! Оның жаңарған келбетін көріп, сәулеті мен дәулетіне қанша сүйсінсек те, артықтық етпейді! «Жаманды жасырып, жақсыны асырып» әдеттенген Оңтүстік жұрты Түркістан атын жеті қат аспаннан әрі асқақтатып, әлемге бұл киелі мекенді жаңа қырынан таныта түсті. ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ЕЛДІҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту жолындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады. Бұл сайлау жаңа конституциялық өзгерістер аясында құрылатын бір палаталы Құрылтайдың алғашқы құрамын айқындап, елдегі заң шығару жүйесінің жаңа моделіне негіз қалайды. Қазіргі қоғамдық және саяси үдерістер мемлекеттік институттардың заман талабына сай дамуын талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, бір палаталы Құрылтайды қалыптастыру заң шығару қызметінің тиімділігін арттыруға, ...

Толығырақ »

Шымкентте әкімшілік рақымшылықты жүзеге асыру қорытындылары шығарылды

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының қабылдануына орай қабылданған Рақымшылық туралы заңға сәйкес, жеке тұлғалардың Заң қолданысқа енгізілген күнге (02.07.2026ж.) дейін төленбеген әкімшілік айыппұлдары есептен шығарылды. Рақымшылық – бір реттік ізгілік шарасы болып табылады және болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Сонымен қатар, заңның ережелері соттар қарайтын құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ заңнамада тікелей көрсетілген өзге де санаттарға қолданылмайды. Шымкент қаласында әкімшілік жазаларды ...

Толығырақ »

ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ТАҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЖЕКЕ ГИГИЕНАҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРУ МАҢЫЗДЫ

Жаз мезгілінде ауа температурасының көтерілуі мен демалыс маусымының басталуына байланысты тағам қауіпсіздігі мен жеке гигиена талаптарын сақтау өзекті мәселеге айналады. Осыған орай тұрғындар арасында жіті ішек инфекциялары мен тағамнан уланудың алдын алу бағытында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, ішек инфекциялары көбіне лас қол, сапасыз су немесе дұрыс сақталмаған тағам арқылы таралады. Сондықтан күнделікті өмірде қарапайым санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау ...

Толығырақ »

САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағам қауіпсіздігін нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте қоғамдық тамақтану орындарында санитариялық талаптарды сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес эпидемиялық маңызы төмен нысандарда жоспардан тыс бақылау іс-шаралары заң талаптарына сәйкес жүргізіледі. Мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты – санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау және ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 2026 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДА ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ 473 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Шымкент қаласында 2026 жылдың 6 айында жіті ішек инфекциясының 473 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 316 жағдай (66,8%) 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Аурудың негізгі таралу себептері тағам және тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұғумен байланысты. Сонымен қатар есепті кезеңде қалада дизентерияның 16 жағдайы тіркеліп, оның 13-і балалар арасында анықталған. Жаз мезгілінде ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында санитариялық талаптарды сақтау, жеке гигиена ...

Толығырақ »

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫН НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен дәріптеу мақсатында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар ақпараттық және ағартушылық іс-шаралар өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар аясында жастармен, кәсіпкерлермен және қала тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылып, заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және қоғамдық тәртіптің маңызы кеңінен түсіндірілді. Кәсіпкерлерге бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және заманауи қауіптердің алдын алу ...

Толығырақ »

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғындардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылды. Негізгі мақсат – азаматтардың қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, интернет кеңістігіндегі қауіптерден сақтану дағдыларын нығайту. Осы кезеңде өңірде ауқымды ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылып, түрлі жастағы тұрғындар қамтылды. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дәрістер мен семинарларда қаржылық сауаттылық, жеке қаржыны тиімді басқару, цифрлық гигиена, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті, Полиция, Төтенше жағдайлар, Мемлекеттік кірістер, Әділет, Қылмыстық-атқару жүйесі, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау науқанына дайындық аясында сайлау учаскелеріндегіқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Биылғы жылдың ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҮНДІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангал бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қала әкімі Шымкенттің инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуетін таныстырып, мегаполистің еліміздің ірі экономикалық орталықтарының бірі ретіндегі бәсекелестік артықшылықтарына тоқталды. ...

Толығырақ »

ИНТЕРНЕТ КАБЕЛЬДЕРІ НЕ СЕБЕПТІ ДЕМОНТАЖДАЛЫП ЖАТЫР?

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының кейбір көшелерінде интернет кабельдерінің демонтаждалуына қатысты тұрғындардың шағымдары жариялануда. Бұл жұмыстар инженерлік және қауіпсіздік талаптарын сақтамай орналастырылған кабель желілерін ретке келтіру мақсатында жүргізіліп жатыр. Өткен жылы жүргізілген тексеру барысында сыртқы жарықтандыру тіректеріне интернет-провайдерлердің кабель желілерін заңсыз орналастыру фактілері анықталды. Мұндай кабельдер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ олардың мүлкіне қауіп төндіріп, апаттық жағдайлардың туындау қаупін арттырады. Осыған ...

Толығырақ »

КОМИССИЯ ШЕШІМІМЕН 105 ТҰРҒЫНҒА ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласында 2026 жылдың алғашқы легі бойынша бизнес-идеяларды іске асыруға арналған business.enbek.kz порталы арқылы 435 өтінім қабылданды. Грантқа үміткерлер өз бизнес-жобаларын комиссия алдында қорғады. Бағалау барысында комиссия мүшелері жобалардың өміршеңдігіне, нарықтағы сұранысына, үміткерлердің осы саладағы тәжірибесіне және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігіне басымдық берді. Комиссия құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ғалым-оқытушылары, сондай-ақ, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму ...

Толығырақ »