Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен дәріптеу мақсатында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар ақпараттық және ағартушылық іс-шаралар өткізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар аясында жастармен, кәсіпкерлермен және қала тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылып, заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және қоғамдық тәртіптің маңызы кеңінен түсіндірілді. Кәсіпкерлерге бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және заманауи қауіптердің алдын алу тетіктері таныстырылды.
Жастар арасында форумдар, ашық пікірталастар және қоғамдық орындардағы әлеуметтік эксперименттер ұйымдастырылып, құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған заманауи форматтар қолданылды. Мұндай жобалар жастардың белсенді қатысуына мүмкіндік беріп, олардың заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікке деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жүргізілген түсіндіру жұмыстары да кеңінен жалғасты. Подкасттар, тікелей эфирлер, брифингтер және профилактикалық бейнероликтер тұрғындарға маңызды ақпаратты қолжетімді форматта жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар ірі мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар аясында құқықтық және қаржылық қауіпсіздікке қатысты ақпараттық материалдар кең аудиторияға ұсынылды.
Аға буын өкілдеріне арналған ашық форумдарда интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғау және қаржылық сауаттылық мәселелері бойынша тәжірибелік кеңестер берілді. Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық және қаржылық мәдениетін арттыруға бағытталған тиімді диалог алаңына айналды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға оң әсерін тигізуде. Бұл ретте заң талаптарын сақтау әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екені кеңінен түсіндірілуде.
Алдағы кезеңде де құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған жаңа жобалар жүзеге асырылып, танымал спортшылар мен блогерлердің қатысуымен ақпараттық науқандар, жастарға арналған зияткерлік жобалар және интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылмақ. Бұл бастамалар қоғамда заңға құрмет мәдениетін орнықтырып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын одан әрі арттыруға бағытталады.