Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2026 » Июль (страница 2)

Месячные архивы: Июль 2026

120-ДАН АСТАМ ӨНДІРУШІ ӨЗ ӨНІМДЕРІН КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНДЫ

Шымкент қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2026» және «Бір ауыл – бір өнім» өңірлік көрме-байқаулары өтіп, оған 120-дан астам жергілікті тауар өндіруші қатысты. Қала әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен іс-шара қаланың өндірістік әлеуетін таныстыруға, отандық өнімді насихаттауға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталды. «Көрме» орталығында тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және өзге де салалардағы кәсіпорындар өз ...

Толығырақ »

Шымкентте сыртқы жарнама төлемақысын арттыру мәселесі қаралды

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төленетін ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелерін арттыруды көздейтін мәслихат шешімі жобасын талқылауға арналды. Отырысқа Кеңес мүшелері, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың өкілдері және ...

Толығырақ »

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда

Шымкент қаласы Полиция департаменті қала тұрғындарын тазалық талаптарын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны ластамауға шақырады. Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Полиция қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп, абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылауда. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтау үшін бейнебақылау камералары тиімді пайдаланылуда. Олардың көмегімен қоқыс ...

Толығырақ »

Шымкентте аппарат мәжілісінде өзекті мәселелер қаралды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, Әл-Фараби және Еңбекші аудандары тұрғындарының өтініштері бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды. Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевтың айтуынша, 2026 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында интернет-алаяқтықтың 330 фактісі тіркелген. Қылмыстардың ашылу деңгейі 41,3 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болып тұр. Жәбірленушілерге ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында депутаттардың, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің, аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының, құқық қорғау органдары мен мекемелер өкілдерінің, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті. Сессия барысында депутаттар бірқатар ұйымдастырушылық және кадрлық мәселені қарады. Кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның жаңартылған құрамы бекітілді. Сонымен қатар, өз өтініші негізінде Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАРДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында 30 отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға берілді. Қала әкімі жаңа қоныс иелерін құттықтап, тұрғын үйлерге кепілдік қызмет көрсету тәртібін түсіндірді. Баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ бюджет саласының қызметкерлері бар. Сонымен ...

Толығырақ »

ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және туристік бағыттардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар өткен жылы Шымкентте Францияның Құрметті консулдығының ашылуы мен ынтымақтастық жөніндегі Жол картасының қабылдануы өзара серіктестікті жаңа деңгейге көтергенін атап өтті. Сонымен қатар халықаралық «Франкофония көктемі» фестивалі аясында ұйымдастырылған «Париждегі ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Еңбекші ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бекітілген 2022–2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында ауыз су, табиғи газ, электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар жобалар іске асырылып келеді. Аудан тұрғындарының басым бөлігі негізгі инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген. 2025 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтарды сапалы ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Еңбекші ауданында тұрғындарға қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қоғамдық кеңістіктерді көбейту, балалар мен спорт алаңшаларын салу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және көшелердің бірыңғай келбетін қалыптастыру бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың ұсыныстары негізінде аулаларды көркейту, балалар ойын және спорт алаңшаларын салу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру ...

Толығырақ »

Шымкенттің цифрлық дамуына халықаралық серіктестік серпін береді

Шымкент қаласының цифрлық трансформациясы халықаралық деңгейде жаңа серіктестік байланыстар арқылы жалғасуда. Осы бағыттағы маңызды кездесулердің бірі – қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың Португалияның жетекші технологиялық орталықтарының бірі – «Taguspark» технопаркінің бас директоры Эдуарду Баптишта Коррейамен өткен келіссөз. Кездесу барысында тараптар цифрландыру, инновациялық технологияларды енгізу, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін жан-жақты талқылады. Бүгінде әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қалалардың бәсекеге қабілеттілігі ең ...

Толығырақ »

БОЗАРЫҚТА ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІ КӨБЕЙДІ

Шымкентте баспаналы болғандардың қатары тағы да көбейді. Көрме орталығында өткен салтанатты рәсімде тағы 30 отбасы көптен күткен баспанасының кілтіне ие болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоныс иелеріне пәтер кілтін табыстап, айтулы қуаныштарымен құттықтады. Жаңа пәтерлер қаланың қарқынды дамып келе жатқан Бозарық шағын ауданында орналасқан. Тұрғын үйлер қажетті инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және ...

Толығырақ »

Аппараттық кеңесте бірқатар маңызды мәселе қаралды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте биылғы қаңтар-маусым айларындағы қала бюджетінің орындалуы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар және мемлекеттік қажетіне жер учаскелерін қайтару жұмыстарының барысы қаралды. Қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаевтың айтуынша, Шымкент салық түсімдерінің өсу қарқыны бойынша жоғары көрсеткішті сақтап, еліміздегі үздік бес өңірдің қатарына кіріп отыр. Сонымен қатар, бюджет кірісін ұлғайту ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ «TAGUSPARK» ТЕХНОПАРКІНІҢ БАСШЫСЫМЕН ЦИФРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Португалиядағы жетекші технологиялық парктердің бірі – «Taguspark» технопаркінің басшысы Эдуарду Баптишта Коррейамен кездесті. Кездесу барысында цифрландыру, инновациялар, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту және озық тәжірибе алмасу бағытындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Кездесу барысында Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жылдың Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғаны атап өтілді. Бұл бастама Шымкент қаласында цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және инновациялық ...

Толығырақ »

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 150-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков басқарма басшыларымен және аудан әкімдерімен бірге азаматтарды кезекті жеке қабылдады. Қабылдау барысында 150-ден астам тұрғын әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй және жер қатынастары, аумақтарды абаттандыру, сондай-ақ, көлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері бойынша өтініштерін білдірді. Әр азаматтың өтініші бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Олардың мәселесін жан-жақты қарау үшін жауапты орындаушылар белгіленіп, нақты орындау мерзімдері ...

Толығырақ »

Шымкентте әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысы тексерілді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралап, ондағы құрылыс және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Алдымен қала басшысы қалалық диагностикалық орталық ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді. Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, диагностикалық қызметтің мүмкіндігі кеңейіп, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады. Сондай-ақ «Білім-инновация» №1 ер балаларға арналған лицей-интернатының ...

Толығырақ »

АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫС БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралап, ондағы құрылыс және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Алдымен қала басшысы қалалық диагностикалық орталық ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді. Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, диагностикалық қызметтің мүмкіндігі кеңейіп, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады. Сондай-ақ «Білім-инновация» №1 ер балаларға арналған лицей-интернатының ...

Толығырақ »

В микрорайоне Нурсат провели разъяснительную встречу по установке базовой станции

В микрорайоне Нурсат состоялась встреча представителей акимата и оператора мобильной связи Kcell с жителями домов №198 и №199. Темой обсуждения стали вопросы, связанные с установкой новой базовой станции, которая необходима для улучшения качества мобильной связи и доступа к сети Интернет. На встрече присутствовали профильные специалисты, готовые предоставить жильцам всю необходимую техническую документацию и разъяснения по поводу санитарных норм. Заместитель руководителя ...

Толығырақ »

«Таза Қазақстан»: обсуждены вопросы усиления экологической дисциплины

В Шымкенте прошло межведомственное совещание, посвященное вопросам реализации общенационального проекта «Таза Қазақстан» и принципа «Закон и порядок». В заседании приняли участие представители городской прокуратуры, Департамента полиции, Департамента экологии, Управления развития комфортной среды, службы по чрезвычайным ситуациям, а также других государственных органов и волонтерских организаций. На совещании были подведены итоги работы за первые шесть месяцев 2026 года и определены задачи на ...

Толығырақ »

Нұрсәт шағынауданында базалық станция орнату мәселесі бойынша түсіндіру кездесуі өтті

Шымкент қаласындағы Нұрсәт шағынауданында №198 және №199 тұрғын үйлердің тұрғындарымен қала әкімдігі мен Kcell ұялы байланыс операторы өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында ұялы байланыс сапасы мен интернетке қолжетімділікті жақсарту үшін орнатылатын жаңа базалық станцияға қатысты мәселелер талқыланды. Кездесуге техникалық құжаттамалар мен санитарлық талаптар жөнінде толық ақпарат беруге дайын сала мамандары қатысты. Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Қырғызбаев қалалық ...

Толығырақ »

«Таза Қазақстан»: экологиялық тәртіпті күшейту мәселелері талқыланды

Шымкентте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелеріне арналған ведомствоаралық жиын өтті. Басқосуға қалалық прокуратура, Полиция департаменті, Экология департаменті, Жайлы ортаны дамыту басқармасы, төтенше жағдайлар қызметі, өзге де мемлекеттік органдар мен еріктілер ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиында 2026 жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Мемлекет басшысы мен Бас прокурордың ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ «WAN SHENG CERAMIC» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ КЕЛЕШЕГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Wan Sheng Ceramic» компаниясының құрылтайшысы Ху Цзяньгомен кездесу өткізді. Кездесу барысында қаладағы ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобалардың бірі – керамикалық тақтайша өндіретін зауыттың даму перспективалары талқыланды. Кездесуде 2024 жылдың күзінде пайдалануға берілген зауыттың алғашқы кезеңінің нәтижелері қарастырылды. Бүгінде бұл кәсіпорын Орталық Азиядағы керамикалық тақтайша өндіретін ең ірі өндіріс орындарының бірі саналады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІЛЕДІ: МЕГАПОЛИСТІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ

Соңғы жылдары Шымкентте көптеген жаңа өндіріс орындары іске қосылып, қаланың өнеркәсіптік әлеуеті айтарлықтай нығайып келеді. Инвестициялық жобалардың жүзеге асуы өндірісті әртараптандыруға, отандық өнім көлемін арттыруға және өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Нәтижесінде тұрақты жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр. Жақында ғана ашылған «Shymkent Qagazy» ЖШС-де 50 жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын макулатураны қайта өңдеп, картон қаптама өндірумен айналысады. Инвестиция көлемі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, АЗАМАТТАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ТЕТІКТЕР ЕНГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының Әділет департаменті атқарушылық іс жүргізу жүйесінің тиімділігін арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бағытында кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл туралы департамент басшысы Айнұр Исабекова баспасөз брифингінде баяндады. Президент қол қойған «Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша» заң сот актілерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге, атқарушылық өндірістің ашықтығын арттыруға және сот орындаушылары қызметінің сапасын жетілдіруге бағытталған. Заң аясында бірқатар жаңа ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ПЕН ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласының Әділет департаменті азаматтардың құқықтарын қорғау, құқықтық көмектің қолжетімділігін кеңейту және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда. Бұл туралы департамент басшысы Айнұр Исабекова БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Брифинг барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтудағы маңызы ерекше атап өтілді. Конституциялық өзгерістер аясында адвокатура институтының конституциялық деңгейде бекітілуі азаматтардың сапалы заң көмегіне ...

Толығырақ »

Конституционная реформа в Казахстане: новые институты власти и расширение участия граждан

В Центрально-Азиатском инновационном университете прошла встреча профессорско-преподавательского состава, посвященная обсуждению ключевых изменений, закрепленных в новой Конституции Республики Казахстан. Встречу открыл ректор университета Акмалдин АЖИДИНОВ, отметивший важность всестороннего анализа законодательных реформ, принятых на всенародном референдуме 15 марта 2026 года и вступивших в силу 1 июля текущего года. «Новая Конституция кардинально меняет архитектуру государственного управления. Это не просто обновление основного закона, а ...

Толығырақ »