Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Сықақ » АҚСАҚАЛДАР АЙҚАЙЫ

АҚСАҚАЛДАР АЙҚАЙЫ

ст
Қос ақсақал ардақты
Бір-біріне таң ата,
Таң қалдырып жан-жақты
(Өздеріне қарата),
Сөз арнапты «салмақты» –
«Салмақты» сөз арнапты.
 
Басын біреудің жармапты,
Ауыр іске бармапты.
Балағатпен әншейін
(Тістеп тұрып бармақты)
Бірін-бірі «қармапты»:
 
– Арыңды айырамын! Шәпкеңді қайырамын!
– Ван-Даммыңды шығарамын! Естіртпеймін сыған әнін!
– Балаңның әкесін ұрып өлтіремін! Тәубесіне келтіремін!
– Жұлыныңды жұлып жеймін! Қабағыңды қисын құлып деймін!
– Кәлләңді қиратамын! Жыныңды жинатамын!
– Жүзге жеткізбеймін! Көшеден өткізбеймін!
– Зиратыңа зуылдатамын! Жыланның зәрін де, уын да атамын!
– Құлағыңды кереңдетемін! Бұлағымды тереңдетемін!
– Насыбайсыз қалдырамын! Темекісіз талдырамын!
– Кемпіріңді зорлап кетемін! Қайын-жұртын қорлап кетемін!
– Шекеңді ісіремін! Жүз граммға түсіремін!
– Бәрібір сыйламаймын! Сирағыңнан сипамаймын!
– Онда тойыңды бірге тойламаймын! Сенімен «алтылық» ойнамаймын!
– Мен де үйіңе аттамаймын! Жауыңды даттамаймын!
– Келсең де, қазан көтертпеймін! Сені төрімде жөтелтпеймін!
– Тамақ істесең де, қарамаймын! Ондай сатқындыққа жарамаймын!
– Ыстық тамақты әкелем де, құлқыныңа құямын! Содан соң ғана бұл әңгімені тиямын!
– Құлқыныма құйсаң, құсып кетемін! Дегенмен, мұрттай ұшып кетемін…
– Мұрттай ұшсаң, ауырып-емделесің. Емделген соң, жөнделесің!
– Жөнделсек – бірге жөнделейік. Күн батты – үй-үйімізге дөңгелейік!
 
Осымен бітті әңгіме,
Бұл әңгіме сәнді ме?
Қос қария қайтыпты,
Сөз айта алмай мәнді де.
 
«Жастар кетті бұзылып»
Деген айып тізіліп,
Ел ішінде тарап жүр.
Беретін үлгі-өнеге
Көз саламыз көнеге –
Демейміз қарттар қарап жүр:
Ұрыс-керіс сөне ме –
Сол «үлгіге» жарап жүр.
 
Ә.Ә.

Пікір жазу