Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САРЫАҒАШТА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШТА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында Елбасы Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында 2019 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз мәслихаты өтті, деп жазады Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Баспасөз мәслихатына Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетов арнайы қатысты.


Түркістан облысы, «Turkistan Media Holding» ЖШС бөлімінің маманы Бейсенбаева Гүлмира Сембекқызы облыс көлемінде 2019 жылы Рухани Жаңғыру бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқтала баяндап өтті.


Сонымен қатар, Сарыағаш ауданында да бұл бағытта атқарылған шаралар да назардан тыс қалмады. Бұл туралы ауданда 2019 жылы аталған бағыттағы атқарылған жұмыстардың барысымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев таныстырды. «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында қасиетті орындарға мектеп оқушыларының саяхаттары, «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар алдағы жылы 13 жоба аясында жалғасатындығын атап өтті.

Пікір жазу