Облыс орталығында «Түркістан жүрегімде!» атты жаңа туындының тұсаукесері өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен «Сақ» киностудиясы түсірген кино-новеллада рухани астаналықтар мен қонақтардың арасындағы байланыс кеңінен көрсетілген. Елжандылық, Отансүйгіштік, төл тарихты ардақтауды көрермен бойына сіңіре отырып, әдемі әзіл-қалжыңмен Түркістанның өзіндік ерекшеліктері көрермен назарына ұсынылған, , деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі М.Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.
Кино новеллада көне шаһардың өтпелі кезеңіндегі шынайы өмірімен қоса, жаңарған қаланың тыныс-тіршілігі түрлі мысалдар арқылы баяндалады.
Төрт бөлімнен тұратын фильмдегі рөлдерді Дәурен Әбиев, Рулан Нұғман, Сапара Әлайдарова, Лаура Мақашава сомдаған. Ал, фильмнің бас режиссері Нуриддин Паттеев.
Нуриддин Паттеев — фильмнің бас режиссері: Бұның 4 сериясы 4 түрлі тақырыпты қамтиды. Мәселен бірніші бөлімінде балалы болмай жүргендер Түркістанға келіп балалы болады. біреуінде жұмыс таппай жүргендер көшеді осы жаққа. Әйелдері қарсы болады. сөйтіп осы жаққа келіп архитектор болады. сөйтіп әдемі орнын табады.
Тағы бір бөлімінде қаланың туристік әлеуеті суреттеледі. Ол, жерде астаналық бойжеткен жұмыс бабымен Түркістанға қоныс аударады. Алғашында қиналады, алданады. Бірақ соңында көне шаһарға үйреніп қимай қалады. Сөйтіп осында тұрмысқа шығып бақытты болады. Міне соның барлығы фильмде әдемі әзіл арқылы бейнеленген. Кино комедия жанрында болғанымен астарында ауыр шындық пен көрерменге ой салатын көркемдік бар.
Дәурен Әбиев – актер: Өзі түркістанда өскенбіз. Ой-шұқырына дейін білеміз. Түркістанды білеміз жақсы ой шұқырына дейін. Сол Түркістанда жүріп кәдімгі квартира бар. такси жағынан да жүре беретін жан жақты жүре беретін алаяқтың ролін ойнадық. Ұнады барлығы енді көрермендер бағасын бере жатар.
Күлкі мен шытырманға толы кино туынды алдағы уақытта көгілдір экран арқылы көпшілік назарына ұсынылмақ. Егер туынды жұртшылыққа ұнап жатса, шығармашылық топ тағы да жалғастыруды жоспарлап отыр.