Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҒИПТАР ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ ОРАЙ, АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАРБА ТАПСЫРЫЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҒИПТАР ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ ОРАЙ, АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАРБА ТАПСЫРЫЛДЫ

Бүгін Халықаралық зағиптар және мүгедектігі бар адамдар күніне орай, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі Рысқұл Есполай Есполай және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нурлан Өмірбекұлы Сарыбековпен бірге Ақсукент ауылында тұратын зейнеткер Г.Сильченко және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім Б.Наримановтың үйлеріне барып, жағдайымен танысты, деп хабарлайды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектігі бар азаматтарға қоларбалар және ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан азық-түлік пакеттерін табыс ете отырып, мерекелерімен құттықтады.
Айта кетелік, Сайрам ауданы бойынша бүгінгі күнге 10197 мүгедектігі бар адамдар есепке алынған. Соның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасы ұсынылған азаматтарды міндетті гигиеналық құралдармен, көмекші техникалық құралдармен, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдармен, протездік-ортопедиялық құралдармен және санаторий-курорттық емделумен, жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекші қызметімен және ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз ету үшін биылғы жылға жалпы 524146,0 мың теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етілуде.
Сонымен қатар, жергілікті мәслихаттың шешімімен созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан 87 азаматқа әлеуметтік көмек ретінде 13552,4 мың теңге жеке есеп шоттарына аударылды.
Үйде оқытылып тәрбиеленетін 273 мүгедектігі бар балаларға 5193,0 мың теңге қаржы жоспарланып, оқу құралдарын сатып алу үшін 3137,0 мың теңге ата-аналарының жеке есеп шоттарына аударылды.
Ауданымызда мүгедектігі бар адамдарды емдеу мекемелері мен құжат рәсімдеу орталықтарына барып келуі үшін инва такси қызметі қарастырылып, қызмет көрсетуде.
Мүгедектігі бар балаларды оңалту шаралары мен арнайы білім алуы үшін жартылай стационарлық жағдайдағы күндізгі қатынау орталығы жұмыс істейді.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын іске асыру жоспарына сәйкес, 260 азаматты бағдарламаның белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету көзделген. Нәтижесінде 326 азаматтар қамтылып отыр.
2022 жылға үкіметтік емес «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету орталығы» жеке мекемесіне үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге 36 бала жолданса, 50 азамат Шымкент қаласындағы №5 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» КММ-іне жолданды.
31 бала «Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ-не орналасса, 24 бала Үкіметтік емес «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету орталығы» жеке мекемесіне күндізгі қатынау бөлімшесіне орналастырылып, 1 азамат «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» КММ-не (қарттар мен мүгедектер үйі) орналастырылды.
4 бала «№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» КММ-не жолданса, 2 азамат «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не жолдамамен қамтылса, 2 бала Кентау арнаулы кәсіптік колледжіне оқуға жіберіліп, 24 азаматқа қамқоршы тағайындалды.

Пікір жазу