Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – баршамызға ортақ іс

Бүгін, Сарыағаш ауданына арнайы сапар жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету орынымен танысып, мемлекеттік қызметшілермен арнайы жиын өткізді. Жиын алдында аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан өзіне өзі қызмет көрсету орынымен танысты.


Жиынға ауданымыздағы мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер мен мектеп директорлары қатысты. Жиынды аудан әкімі Қайрат Абдуалиев ашып, жүргізіп отырды.
Жиында сөз алған департамент басшысы кәсіби мемлекеттік аппарат құру шеңберінде елімізде атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.


Сонымен бірге, Түркістан қаласында жаңадан ашылған тестілеу орталығы өз жұмысын бастағанын және жуық арада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының ашылуы жоспарланып отырғанын тілге тиек етті.
Жиын барысында Ғ.Сұлтанұлы аудан басшылығына екі ауданда да қайта құру кезеңі болуына байланысты қызметшілерді қайта тағайындауда мемлекеттік қызметшілердің кепілдіктері мен құқықтарын ескеріп, олардың біліктілігіне сәйкес лауазымдар ұсыну қажеттігін ескертті.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың адамзат баласына тигізген зардабы жайында бейнеролик көрсетілді.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*