Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА — ЖАҢА ТӨРАҒА

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА — ЖАҢА ТӨРАҒА

Аудан әкімімдігінің мәжіліс залында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Түркістан облыстық филиалының көшпелі семинар-кеңесі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Бекжігіт Сердәлінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Сүлейменұлы, Шардара аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Нұрғали Мырзахметов, аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся
Семинарды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, профессор Бекжігіт Сердәлі жүргізіп отырды.
Семинарға қатысушылар Түркістан қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Әйгерім Жұмабаева мен аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Ақнұр Ташеваның баяндамасын тыңдады. Облыстағы, аудандағы қазақ тілінің қолданыстағы мәселелері төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-піркірлер айтылды.
Возможно, это изображение 2 человека, помост и текст
Жиын соңында ұйымдық мәселе қаралып, Ордабасы ауданыңың Құрметті азаматы, республикалық «Qazaq» газетінің оңтүстік өңірдегі меншікті тілшісі, ақын-композитор, Құрманәлі Жылқыбай Ордабасы аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып сайланды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу