Қазақстан халқы Ассамблеясы (әрі қарай — ҚХА) су тасқыны басталғаннан бері зардап шеккен өңірлерге көмек және қолдау көрсету бойынша жұмыс жүргізуде.
ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» атты арнайы жобасы ұйымдастырылып, оның шеңберінде гуманитарлық жүктерді жөнелту жүріп жатыр. Барлық өңірлердегі Достық үйлерінде еріктілер орталықтары мен гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша ҚХА-ның Республикалық және өңірлік штабтары құрылды. Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша ҚХА Республикалық штабының басшысы ҚХА Төрағасының қоғамдық орынбасары — Ақбаржон Исмаилов. Штаб құрамында ҚХА атынан Парламент Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері «Ассамблея жастары», волонтерлар мен қайырымдылық жасаушылар бар.
Қызметін республикалық штаб үйлестіретін өңірлік штабтар мен еріктілер орталықтары Достық үйлері жанында жұмыс істейді.
ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдарының өкілдері (Аналар, Ақсақалдар, Медиация кеңестері және т.б.) зардап шеккендерді, полиция, ТЖД қызметкерлерін, құтқарушыларды азық-түлікпен, ыстық тамақпен, киіммен, қажетті тауарлармен (дәрі-дәрмектер, санитарлық-гигиеналық тауарлар, шаруашылық тауарлары, матрацтар, жастықтар т.б.) қамтамасыз етуде.
Олар материалдық-қаржылай көмек, сондай-ақ қажетті техника (тиегіштер, камаздар, самосвалдар, экскаваторлар) ұсынып, өңірлердегі «Ассамблея жастары» мүшелері және волонтерлік орталықтар мемлекеттік органдар мен ТЖМ қызметкерлеріне белсенді түрде жәрдем беруде. Сондай-ақ, эвакуациялық пункттерде, штабтарда қолдан келгенінің бәрін жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, тұрғындарға іс-әрекеттер алгоритмі көрсетілген парақшаларды таратады.
Республика бойынша 12 мыңнан астам ҚХА еріктілері жұмылдырылды.
Өңірлік ЭМБ өкілдері 1500 мың тоннадан жуық азық-түлік және алғашқы уақытта қажет болатын заттар жіберді. Сондай-ақ, 81 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жіберілді, (орташа және ауыр жүк фуралары және т.б.), 39 бірлік арнайы техника (экскаваторлар, камаздар, самосвалдар және т. б.) жұмылдырылды
Көрсетілген гуманитарлық көмек сомасы — 770,0 млн теңгеден астам.
«Жүректен жүрекке» жобасы аясында ҚХА, «Ассамблея жастары» және ҚХА еріктілер орталықтарының мүшелері тарапынан азық-түлік, алғашқы уақытта қажет болатын заттар, жылы заттар жеткізіліп, зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетілуде.
Қазіргі уақытта басқа өңірлерге қолдау көрсету мақсатында гуманитарлық көмек белсенді түрде жиналуда.
ҚХА зардап шеккен өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шараларды ақпараттық қолдау шараларын ұйымдастырды. Халықты ақпараттандыру және қызметін кеңінен жариялау үшін БАҚ және әлеуметтік желілерге 10 000-нан астам материалдар шығарылды.
Өңірлерде жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шараларға сәйкес барлық этномәдени бірлестіктер азаматтық белсенділік танытып, пікірлер, видеороликтер мен фотосуреттерді төмендегі хэштегпен жариялауда #ANK #jurektenjurekke #ҚХАхалықпен — «Жүректен жүрекке» ҚХА-ның арнайы акциясы аясында.
фото: life09.kz