Түлкібас ауданына келген қонақтардың дені аялдап, зиарат ететің киелі орынның бірі де бірегейі Түркібасы әулиесі облысымыздың киелі орындар қатарына енген нысан, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін елімізде іске асып жатқан тазалық науқаны аясында нысанның аумағын тазалау, сырлау, талдарын реттеп әктеу және көгалдандыру жұмыстары атқарылды. Игі шараға аудан әкімдігіне қарасты бөлім мен округ әкімдігінің қызметкерлері және ауыл тұрғындары ат салысып, киелі орынның аумағына сәнді тал көшеттерін отырғызды.
Науқан барысында аудан аумағында тазалық жұмыстары үздіксіз атқарылып, жалғасын табатын болады.
© Didarbek.kz