Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ -ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДА

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ -ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДА

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Төлеген Телғараевтың тұрғындарымен он екінші кездесуі Ленгір қаласында жалғасын тапты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы Әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан орталығында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Абаттандыру, көркейу, көгалдандыру жұмыстарымен қатар, халықтың жайлы өмір сүруі үшін инженерлік – коммуникация жүйелері жаңартылуда. Құны 1 млрд 551 млн теңгені құрайтын Ленгір қаласынан «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехы ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Ленгір қаласы Алатау мөлтек ауданындағы 2,0 га жер теліміне ПС-110/10 кВт қосалқы станциясының құрылысы жүруде. Сондай-ақ, Алатау мөлтек ауданын электр жүйесімен қамту жұмыстары жүргізіліп, автомобиль жолдары жүргізіледі. Қапал батыр көшесі бойынан құны 7 млрд 666 млн құрайтын 5 қабатты 9 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүған қоса, Базарная және Қ.Дүйсемұратұлы 5 қабатты 40 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысын салу бойынша жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп қаржыландыруға салалық басқармаларға ұсынылды.
Кездесу барысында аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы қала тұрғындарының әрбір көтерген мәселесін тыңдап, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс – пікірлерін назарға алды. Қала халқы ауданда атқарылған жұмыс нәтижесіне қатысты оң пікірлерін айтып, алғыстарын жеткізді.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Кездесуге қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы » Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының мақсатын түсіндіріп, халықты игілікті іске жұмылуға шақырды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев елді бірлікке, татулыққа, сабырлыққа шақыру мақсатында өнегелі әңгіме айтты.
Жалпы, аудан аумағында 1 қала, 12 ауылдық округ, 55 елді мекен болса, аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ондағы өзекті шешімін күткен мәселелерімен жіті таныс. Күнделікті жұмыс барысында аудан әкімінің орынбасарлары, сала басшыларымен бірге оның шешу жолдарын ұсынып, қажетті құжаттарын реттеуде.
© Didarbek.kz

Пікір жазу