Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік парақшасына желі қолданушысы Нурлыбаев Бексултан Талгатулының жолдаған сауалы бойынша төмендегіні хабарлаймыз:
2024 жылдың 21 ақпанда аудан әкімінің №19-н/қ өкімімен «Қазығұрт ауданы аумағында жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау жөніндегі жұмыс тобы» құрамы жаңартылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңға, аудан әкімдігі және аудандық полиция бөлімімен «Кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді алдын алу бойынша құрылған жұмыс тобының 2024 жылы 29 ақпанда іс-шара жоспары» бекітілді.
Сонымен қатар, аудан бойынша заңсыз жер қойнауын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік беретін техника иелеріне ескерту хаттары табысталып, тізімі аудандық полиция бөліміне жолданды.
Ауыл округі әкімдеріне кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді алдын алу сондай-ақ, аудандық полиция бөліміне аудан аумағында қазу және тасымалдау техникалардың мемлекеттік нөмерлерін тағып жүруін қатаң бақылауға алу жөнінде тапсырмалар берілді.
Облыс аумағындағы заңсыз жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы селекторлық мәжілісте берілген тапсырмаға сәйкес, аудан аумағында жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау жөнінде аудандық 13 мобильді топ құрамы (110 адам) бекітілді.
Сіз көтеріп отырған мәселе бойынша Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылы округі, Айнатас елді мекені Келес өзені бойында орын алып жатқан заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында күнделікті іс-шара жоспарына сәйкес заңсыз жер қойнауын алуға бейім жерлерге кезекшіліктер ұйымдастырған.
Нәтижесінде, Айнатас елді мекенінде жыл басынан 3 дерек тіркелді, тіркелген деректердің құжаттары облыстық экология департаментіне жолданып, айыппұл салу жұмыстары жүргізілуде.
Возможно, это изображение гусь
Сонымен қатар, жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру алгоритмі ауыл округі әкімдеріне ұсынылған. Мобильді топқа заңсыз жер қойнауын алуға бейім жерлерге кезекшіліктер ұйымдастыру сондай-ақ, анықталған заң бұзушылық деректері орын алған жағдайда аудандық полиция бөліміне хабарлауды және дәйекті ақпараттар рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылды жәнеде қатаң бақылауда екендігін хабарлаймыз.
© Didarbek.kz

Пікір жазу