Aудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылының ішкі көшелерін аралап, атқарылу керек мәселелер мен орталықты кешенді дамытуға бағытталған жұмыстарды пысықтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік нысандар мен білім беру ұйымдарының сыртқы қоршауларын сырлап, аулаларын абаттандыру мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ жаңадан салынатын құрылыстарға қажетті жер телімдерін көріп, аудан орталығындағы «Достар» стадионында болды. Онда стадионды күрделі жөндеуден өткізу мәселесі қарастырылып, жауапты мамандарға тиісті сметалық құжаттарын әзірлеуді тапсырды.

Бұдан соң Шолаққорған-Түркістан бағытындағы “Жасыл белдеу” аумағына барды. Онда отырғызылған тал көшеттерінің жай-күйімен танысып, мамандарға жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын бақылауына алды. Қазіргі уақытта аумағы артқан “Жасыл белдеу” толықтай қоршалды. 10 мың метр-ге жуық шарбақ тартылып, егілген тал көшеттерін суару жүйесі орнатылуда.
© Didarbek.kz