Жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қауіпсіздікті сақтауда бағдаршамның қызметі зор, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түрлі түстер арқылы бағытты айқындайтын бағдаршам арқылы көлік қатынасы реттеліп, тұрғындар қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Әсіресе, қаланың орталық көшелеріндегі бағдаршамдар жылдамдықты шектен асырып, қауіп төндірудің алдын алады.
Бүгінде Арыс қаласында көлік қозғалысы мен тұрғындардың қауіпсіздігін 9 бағдаршам қамтамасыз етеді. Қала әкімдігі барлық бағдаршамдамды зерделеуден өткізіп, қазіргі таңда құрылғылардың ақаулықтарын жою, бүлінген тұстарын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл бойынша Арыс қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде, мердігер мекеме анықталып, бағдаршам ретке келтіру жүмыстары басталды.
Осы ретте, көлік тізгіндеушілерге тәртіпке бағынып, жол ережесін қатаң сақтауға шақырамыз.
Ал оған көнбегендер тиісті заңдылықтарға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын білгендері абзал.
© Didarbek.kz