Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮЛКІБАСТА ТАЗА ҚАЗАҚСТАН НАУҚАНЫ АЯСЫНДА 160 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛЫП АРНАЙЫ ОРЫНҒА ШЫҒАРЫЛҒАН

ТҮЛКІБАСТА ТАЗА ҚАЗАҚСТАН НАУҚАНЫ АЯСЫНДА 160 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛЫП АРНАЙЫ ОРЫНҒА ШЫҒАРЫЛҒАН

Ағымдағы жылдың сәуір айының бірінші онкүндігінде бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Батыс Еуропа-батыс Қытай» автодәлізінен бастап аудан ішілік 226 көше бойына сенбіліктер ұйымдастырылып, 200 шақырымға жуық аяқ жол тазаланып, 16 аялдама қалпына келтірілген. Бұдан бөлек 46 саябақ пен аллея, 25 балалар ойын алаңшасы, 9 мәдени-тарихи орындар аумағы ретке келтірілді. Жалпы тазалық акциясына 80 мекемеден 4 мыңға жуық қызметкерлер мен ерікті тұрғындар қатысып, 114 техника тартылған.
Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен жиында аудандық ТҮКШЖК және АЖ(ЖКХ) бөлімінің басшысы М.Телғараев баяндады.
Сонымен қатар, тазалыққа жауапты бөлім басшысының мәлімдеуінше, тазалық жұмыстарымен қатар арнайы құрылған мобильді топтардың рейдтері барысында көше бойына ретсіз күл-қоқыс пен құрылыс заттарын тастаған 27 тұрғынға айыппұл салынған.
Апталық жиынның күн тәртібінде сонымен қатар, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы мен ауданға инвестиция тарту жұмыстарының барысы қаралды.
Жауапты баяндамашылардан соң жиынды қорытындылаған аудан әкімі бірінші тоқсанның қорытындысымен индикаторлық көрсеткіштерді төмен орындаған бөлімдерді сынға алып, жоспарға шығу мақсатында жұмысты жандандыруды тапсырды.
Возможно, это изображение 6 человек и трава
Инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі ешқашан күн тәртібінен түспейтінін айтып, ауыл әкімдеріне бұл бағытта да жұмысты қарқындату керектігін жеткізді.
Өткен сенбіліктерде өзіне бектілген аумақтағы қажетті жұмыстарды аяқтамаған мекемелерге осы аптаның соңына дейін мерзім белгіледі.

Пікір жазу