Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына орай, қаланы көгалдандыру мен тазалығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субьектілердің сәулеттік келбетін ретке келтіру бойынша 17 секторларға бөлінгені белгілі, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әр секторға жауапты болып дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар бекітілген.
Әр секторға жауапты болып дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар бекітілген.
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың жетекшілігімен барлық сектордың жауапты басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер қатысқан алқалы жиын өтті.
Жиында әр сектордағы бей-берекет төгілген қоқыстар, қараусыз қалған ғимараттар мен жөн-жосықсыз салынған кәсіпкерлік нысандар бойынша қала әкімі аппаратының Ұйымдастыру инспекторлық бөлімнің басшысы Айдар Манапов баяндама жасап, кемшіліктерді слайдпен көрсетті.
Баяндамада көрсетілген кемшіліктерді жою бойынша әр сектор басшыларынан жеке-жеке сұраған әкім жұмыстарды ширату керектігін айтып, қысқа мерзімде ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ, туған өлкенің тазалығына жаны ашымай, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орынға тастаған тұрғындарға айыппұл салуды қатаң ескертті.
«17 секторға бөлу арқылы қаланың тазалығын сақтап, тұрғындарды тәртіпке шақыруымыз керек. Тазалық пен тәртіп басты назарда болуы тиіс. Бұл ретте осы сектордың қызметін ұтымды ұйымдастырып, сәтті пайдаланғанымыз жөн», – деді Гүлжан Мамытқызы.
Мұнымен бірге қала әкімі әр сектордың топ жетекшілеріне тұрғындармен кездесіп, бірлесіп жұмыс жасауды және кәсіпкерлік нысан иелеріне меншіктерін заңға сәйкес абаттандыру, қасбетін ретке келтіріп, іргелес аумағын талапқа сай ету бойынша жеке-жеке түсіндіру қажет екенін ескертті. Бұл жұмыстар мамыр айына дейін жасалынуы керек, ескертуді елемеген азаматтарға заңға сәйкес шара қолданылатын болады.
Шаһар басшысы жиналыс қорытындысында — кемшіліктерді ретке келтіріп, тазалық сақтау жұмыстарын жүйелендіруді; қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мердігерлердің жұмысын арнайы бақылауға алуды; қаладағы кәсіпкерлік субъектілеріне арнайы мекемелермен келісім-шартқа тұру арқылы аумағындағы қоқыстарды тазалау, уақытылы шығаруды ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; тұрғындарға тазалық этикасын барынша түсіндіруді тапсырды.
Жиын барысында сектор басшылары мен кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.
© Didarbek.kz