Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ПОЛИЦИЯ ТЕМІРЛЕРДІ ҰРЛАП, ШӨЛМЕККЕ АЙЫРБАСТАМАҚШЫ БОЛҒАН КҮДІКТІНІ ҚҰРЫҚТАДЫ

ПОЛИЦИЯ ТЕМІРЛЕРДІ ҰРЛАП, ШӨЛМЕККЕ АЙЫРБАСТАМАҚШЫ БОЛҒАН КҮДІКТІНІ ҚҰРЫҚТАДЫ

‼️Төлеби аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, ұрлық қылмысына қатысы бар 47 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
‼️Белгілі болғандай, көршісінің үйінен шыққанын көрген күдікті ер адам өз арам ойын жүзеге асырған. Яғни ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, қоршаудан секіру арқылы үйіне ұрлыққа түскен. Нәтижесінде жымқырған құрылысқа қажетті темірлерді өткізіп, шөлмекке айырбастамақшы болған.
‼️Алайда полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекетінің арқасында айғақты зат ретінде қолды болған заттар тәркіленіп, алынды.
Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

© Didarbek.kz

Пікір жазу